Текст
Жылдың тамаша мезгілі көктем әйелдер мерекесінмен ашылады 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні нәзіктік, сүйіспеншілік пен сұлулық мерекесі. Осы мереке қарсаңында әр балабақшада 8 наурызға арналған ертеңгілік қойылуда. Ал ол біздің балабақшаны да айналып өтпеді.
2022 жылдың 28 ақпаны мен 5 наурызы аралығында осы мерекеге арналған ертеңгіліктер өтті. Тәрбиешілер мерекеге үлкен алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде барлық топтарда мерекелік ертеңгіліктер өткізілді, оған аналар мен әжелер шақырылды. Балалар өлең оқыды, ән айтты, би биледі, сахналық көріністер қойды. Балаларға мерекеге «Көктем» ханшайымы келді.
Мереке бақшамызға көктемгі қуаныш пен шаттық көңілін сыйлағаны сөзсіз.