Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: Таным, Қатынас
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Білімділік: Балалардың білімдерін кеңейту, жыл мезгілдерінің маусымдық ерекшеліктерін айыра білуді,кеңістікті бағдарлауды, 1-ден 5-ке дейін санауды,тура және кері санауды,цифрлармен суреттерді сәйкестендіру,түстерді бекіту,геометриялық фигураларды бекіту
Дамытушылық:Тілдерін дамыту,сөйлеу мәдениеттілігін қалыптастыру
Тәрбиелік: табиғатты аялауға тәрбиелеу,ұжымдық жұмысты бірігіп жасауға тапқырлыққа тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер: Триз схемасы, көліктер туралы суреттер, паравоз вагондарымен ,геометриялық фигуралар, цифрлар,үй жануарларымен жабайы жануарлардың макеті,ұзын және қысқа жол, гүлдердің макеттері,музыкалық сергіту сәті
Әдіс-тәсілдер: ойын іс-әрекеті,әңгімелеу,сергіту сәті,ТРИЗ технологиясы
Билингвальді компонент: көктем-весна, гүлдер-цветы, орман- леса, үй жануарлары –домашние животные, жабайы жануарлар-дикие животные,ұзын жол- длинная дорога, қысқа жол-кароткое дорога
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбер Жарқырап күн ашылды Айнала күн шашылды. Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз. |
Балалар шаттық шеңберді қызығушылықпен орындайды |
|
Ұйымдастыру іздестіру
|
Балалар біз бүгін орманға саяхатқа барамыз.Ол үшін көлікке мініп баруымыз керек. Қандай көлік түрлерін білесіңдер? -Ия бүгін біз орманға поездбен барамыз.Поездға міну үшін билеттер керек. Мен сендерге билеттер беремін. (геометриялық фигураларды балаларға таратып береді) 1тапсырма: «Геометриялық фигураларды ата» -Лаура сенде қандай билет?
(барлық балалар қолдарындағы геометриялық фигураларды атайды) Осы билеттермен вагондарға мініңдер. Вагондарға отырдық, енді саяхатқа баруға болады Паравоз жүреді чух-чух, Пойыз жүреді чих-чих Демімізді шығарамыз. Орманға келдік. Орманда нені көріп тұрсыңдар? Гүлдердің түстері қандай? (қоянның жылаған дауысы естіледі) Балалар бұл ненің дауысы? Бұл қоян ғой. Қоян сен неге жылап отырсың? Менімен ешкім ойнамайды Балалар қоянмен бірге ойын ойнаймызы ба? Менің сендерге көп тапсырмаларым бар соны орындайсыңдар ма? Қоян қазір жылдың қай мезгілі? Қазір қыс мезгілі. Балалар қоян дұрыс айтып тұр ма? Қоянға бірігіп үйретейік. 2тапсырма: ТРИЗ схемасы бойынша «Көктем» мезгілін сипаттау Балалар орманда гүлдер көп өсіп тұр екен .Осы гүлдерді санайық 3тапсырма: «Тура және кері сана» 4тапсырма: «Гүлдерді цифрмен сәкестендір» Қоян: Мен шаршадым,сендер бәрін білесіңдер Қоян шаршасаң балалармен бірге музыкамен ырғақты би билеп сергіп ал Сергіту сәті «Көңілді күн» Балалар орманда қандай жануарлар болады? Ал мына жерде жабайы жануарлар мен үй жануарлары араласып кетіпті. Жануарларды өз орындарына бөлейік. 5тапсырма: «Жабайы жануарлар мен үй жануарлары» Қоян: Балалар сендерге көп рахмет! Сендермен өткізген бүгінгі күнім өте жақсы болды.Сергіп алдым.Менде орманға барайын,көжектерім күтіп отырған шығар. Сау болыңдар балалар! Балалар біздің де балабақшаға баратын уақытымыз болды.Балабақшаға жаяу барамыз.Қараңдаршы мына жерде екі жол жатыр.Екеуі де әртүрлі жол.Қандай жол? Қысқа ма? Әлде ұзын жол ма? Балабақша өте алыста орналасқан. Балабақша алыс болғандықтан жол да қандай болады? Ұзын ба,әлде қысқа ма? Ұзын жолда іздер жатыр екен.Ол кімдердің іздері? осы ұзын жолмен жүріп өтсек біз адаспай балабақшаға жетеміз.
Мінекей, балабақшаға жеттік |
Машина, автобус, поезд, ұшақ,корабль
Менде ұшбұрыш Шаршы Дөңгелек Тіктөртбұрыш Балалар геометриялық фигураларды тиісті вагондарға жабыстырады Балалар сапқа тұрып паравоз болып жүреді
Гүлдер, ағаштар
-қызыл, жасыл, сары, көк
Ия ойнаймыз.
Ия, орындаймыз
Жоқ
Балалар схема бойынша әңгімелейді Балалар гүлдерді тура және кері санап береді
Балалар гүлдерді цифрмен сәйкестендіреді
Балалар музыкамен би билеп сергіп алады Түлкі, қоян, қасқыр, аю,
Үй жануарларын қораға, ал жабайы жануарларды орманға бөледі
Балалар қоянмен қоштасады Сау бол! Коян!
Мынау қысқа жол. Мынау ұзын жол
Ұзын болады
Адамдардың іздері Балалар іздерді басып ұзын жолмен жүріп өтеді |
|
Рефлексиялық түзетушілік
|
Балалар сендерге орманға саяхатқа барған ұнады ма? Немен ойнадыңдар? |
Балалардың өзіндік жауаптары |
Күтілетін нәтиже:
Білу: балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін көрсете білу
Игеру: білім беру салалары бойынша өз дерінің игерген тәлім-тәрбиесін
Меңгеру: тапқырлық, шыдамдылық,зейінділік
Тәрбиеші : Қалдырбаева К.Е