Текст
2021 жылдың 29 қарашасында «Достық» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері арасында «Мемлекеттіліктің жеті тұғыры» қағидаттары бойынша тәрбиеші-меңгерушісі Маслова И.Н., әдіскер К.Ж.Қасымова ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен 30 жылдық қызметте еліміз өзін әлем қауымдастығы мойындаған тәуелсіз, табысты мемлекет ретінде танытты. Ядролық қарудан бас тарту арқылы біз бірегей үлгімізді көрсеттік.Еуразияның қақ ортасында жаңа астана бой көтерді. Біз уақыт сынынан өткен тең құқықтарға негізделген көп векторлы саяси бағытты белгіледік. Сондай-ақ олар көпэтносты қоғам үшін толеранттылықтың өзіндік үлгісін жасады, оның ең жоғары құндылығы – бейбітшілік пен келісім. Осыған орай, Елбасының Саяси кеңесінің отырысында қазақстандықтарға бағыт-бағдар беруге арналған «Мемлекеттіктің жеті тұғыры» қағидаттары кешенін ұсынды.