Балабақша даярлық тобына арналған ертегі терапиясы элементтерімен тренинг - сабақ
Психолог : Капарова Г. О.
Мақсаты: Балалардың мектепте оқуға мотивациялық дайындықты қалыптастыру.
Міндеттер:
1. қатысушылардың топтық ұйымшылдығын және бір-біріне оң эмоционалдық қарым-қатынасын дамыту;
2. эмоциялық шиеленісті шешу;
3. эмпатия сезімін дамыту;
4. еркін мінез-құлықты дамыту;
5. еркін зейінді және жадты дамыту;
Құрал жабдықтар:
Мысық ойыншық, А4 форматындағы парақтар, жай және түрлі-түсті қарындаштар.
Сабақ барысы
(балалар ішке әуенмен кіріп келеді де шеңбер құрады)
1. Сәлемдесу.
Мақсаты - жағымды эмоционалды фон қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Сәлеметсіндерме балалар! Көніл күйлерін қалай? Қарандаршы бізге қонақтар келіпті, оларменде бір амандасып алайық (Балалар амандасады).
- Енді сәлемді ерекше жолмен айтамыз. Мен оң жақтағы көршіме бұрылып: «СЕН КЕРЕМЕТСІН», - деп күлемін де алақанынан соғады. Ол оң жағындағы көршісіне бұрылып, жылы сөз айтып, тек оң жақта көршісінің алақанынан соғады. Сонымен біз шеңберге шығып, жылы сөздерімізді жеткіземіз.
- Өте жақсы!
2. "Ақшақар" жаттығуы
Мақсаты: эмоционалдық шиеленісті шешу.
Балалар шеңберде тұр. Жүргізуші оларды көзді жауып, оларды ақшақар деп елестетуді сұрайды.
Психолог: "сіз басы, денесі, екі қолы және екі аяғы бар ақшақарды елестетіңіз. Түнде қатты суық жел болды, және біздің ақшақар тонып қалды. Алдымен оның басы тонып қалды (балалардан басын және мойынын тоңғандай қылып қысыңыздар), содан кейін иығы (балалар иықты тартады), содан кейін денесі (денені тартады) тонады. Ал күшті жел, қарды бұзғысы келеді. Ақшақар өз аяғымен нық қатты тұрып алады (балалар аяғын қатты қысады), желді өзін қиратуына жол бергізбейді.
Жел басылып, Таң атты, күн шықты, ақшақардың тоңғаның көріп жылытқысы келді. Күн қатты ысып, Ақшақар ери бастады. Алдымен басы (балалар басын еркін түсіреді), содан кейін иықтары (балалар босаңсытып, иықтарын түсіреді), содан кейін қолдары (қолды жұмсақ түсіреді), содан кейін денелері (балалар жатып, алға қарай бұрылады), содан кейін аяқтары (аяқтары тізеге жұмсақ бүгіледі). Балалар алдымен отырады, содан кейін еденге жатады. Күн қатты ысып, қар еріп, жер бетіне ағып кетеді".
3. Ойын: "менің жақсы қонжығым”
Мақсаты: эмпатия сезімін дамыту, Топта жұмыс істей білу.
Балалар шеңберде тұр. Жүргізуші балалармен танысу және ойнау үшін қонжықтын қонаққа келгенін айтады. Қонжыққа бізде ұнау үшін не істеу керек балалар? (балалар өз жауаптарын айтады)
Жүргізуші балаларға Қонжық ойыншығын ұсынады және қонжықты сипап жақсы танысуын ұсынады.
4. Мысық Сания-терапиялық ертегі
Мақсаты: мектепте оқуға мотивациялық дайындықты қалыптастыру.
Ертеде Сания атты мысық болыпты. Ол ең қарапайым мысық болды: ойнауды, жүгіруді, мультфильмдерді көруді ұнататын, ал ұйықтауды, ойыншықтарды жинауды, сорпаны аяғына дейін жеуді ұнатпайтын. Барлық балалар сияқты, ол бірте-бірте өсіп, ақылы толығып, ол көп нәрсені білгісі келді. Неге жел соғатының, телефон қалай жұмыс істейтінің, жұлдыздар сөніп қайда кететінің, күннің көзі түн батқанда қай жерге кететінің білгісі келетін еді. Содан кейін Сания білім іздеу үшін өзінің жылы жайлы үйінен кетуге шешім қабылдайды. Бірақ ол орманнан да, су жағаларынан да өтіп көп жол жүрді, бір кезде алдынан тауық аяқты үй кездесті. Ол жерде жалмауыз кемпірме жоқ па белгісіз бірақ бұл өте маңызды емес. Ол әжей мысықты жемеді керісінше оған білімге жол көрсетеді, және де осы жолдың қиындықтары туралы да ескертті. Және оған айтып берді.
— Бұл жолдың басы тегіс түзу болады. Сол кезде сен қуанып бәрі онай деп ойлайсын. Бірақ көп ұзамай жартасты және мұзды таулар пайда бола бастайды, сол кезде бар күшінді салып сол жолдан өтуін керек дейді. Бірінші тау "қиындық"деп аталады. Шынында да, көтерілу өте қиын және бәрін тастап кеткін келеді. Әріптерді жазу немесе оқу қиынға түседі. "Егер қиын болса да, күшті болуға тырысамын" деп ішіннен қайтала, сыбырлық таныт, сол кезде сен бұл тауды жеңіп шығасын, қиындықтарды жеңуге үйренесің және екінші тауға жетесің. Ол "Жалығып кету"деп аталады. Және ол оған оңай көтерілетін сияқтысын, мысалы, жол бойынша әріптерді ұқыпты жазуға жалығып кетесін. Сонымен қатар, бір орыннан секіріп, жүгіріп, біреумен ойнағың келеді, бәрін лақтырғың келеді, ал менің пікірімді үйрен: "жұмысыңды аяқта, жалықпау үшін жылдамырақ істеп бітір". Содан кейін сен жалығумен күресуге үйреніп, үшінші, ең тік тауға барасын. Оған көтерілу өте қиын және құлау ауыр. Ол "сәтсіздік" деп аталады. Бір қарасаң бәрі жақсы болып көрінеді, бірақ қате жолдары үнемі алдынан шыға береді. Және барлық айналасында, тіпті жел де саған ұрысқандай болады, Ал Күн саған ренжіп Бұлт арасына тығылып сені қорқытады. Бірақ сен менің сөзімді есіне сақта: "Жасаған қателігімді қайталамай дұрыс жол танда". Сол кезде сен бұл тауды жеңесің, ақылды мысық боласың. Мысық мейірімді әжеге алғыс айтып, білім мен даналыққа барар жолда сенімді аттап кетті. Ол енді оның жолы ұзақ және әрқашан оңай емес екенін білді. Бірақ ол міндетті түрде соңына дейін өтеді және басқа мысықтарға, тышқандарға, пілдерге және жолда қарсы алатын барлық балаларға көмектеседі. Сол кезде ол қуанышты және қызықты өмір сүретін болады, өйткені көп білу және адамдарға көмектесу ол қуаныш.
Талқылау үшін сұрақтар
1. Мысықтың аты қалай? Ол не істеді?
2. Әжей оны жеп қойдыма?
3. Сен көп нәрсені білу қызықты және көңілді деп ойлайсынба? Егер солай болса, неге?
5. Ертегіні суретке саламыз
Мақсаты: шығармашылық қиялды дамыту, оқуға деген уәждемені бекіту.
Суреттер талқыланған кезде балаларға ертегіден қандай сюжет салынғанын және неге екенін айтып беру керек.
6. Ойын: "Жүректен жүрекке”
Мақсаты: балаларға өздерінің оң жақтарын көруге, оларды балалар ұжымында қабылдап, бағалайтынын сезінуге көмектесу.
Балалар бүгінгі сабақта не өттік? Сабақ сендерге ұнадыма? Бізге қонаққа келген қонжығымызға да сендер қатты ұнапсындар, тағы келем деп маған айтып жатыр. Ал енді сабағымызды жылы лебіздерімаяқтағым келіп отыр мен сендерге сәттілік тілеймін. Ал енді суреттерінді алып келіндер? Кәнеки суреттерді қонақтарға бұрып көрсетейікші, өте әдемі шығыпты. Осы суреттерді сендер сақтап қойындар, ерінген кездерінде осы суреттерінді көріп САНИЯ МЫСЫКТЫ естеріне түсіресіндер. Ал балақайлар топқа қайтатын уақыт келді. Сау болындар!