«Абай – кемеңгер »
Тәрбиеші: Нугманова Б.А.
«Абай – кемеңгер»
«Қазақ» деген халықты естісек ойымызға бірден тума талантты ақын, жазушылары еске түсері анық. Соның ішінде үздігі болып Абай Құнанбаев еске түседі.
Биыл ұлы ақын, ағартушы, философ, компазитор, саяси қайраткер
Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойы. Абай туралы айтып өтпеу мүмкін емес. Қазақ еліне қосқан үлесі орасан зор.
Ұлы ақынның туындылары өзге ақындарға қарағанда ерекше көзге түседі. Қара сөздері, поэмалары, өлеңдерін де терең ой, терең бір мағына жатыр. Мысалы , «Қыс» өлеңін айтар болсақ қарапайым сөздерді нақыштап, өрнектеп қыс мезгілінің құбылыстарын адам бейнесінде керемет сипаттап, әсем бір туынды пайда болған . Тек өз туындыларын жазып қана қоймай орыс халқының өлеңдерін, ертегілерін шебер аудара білген аудармашы. Кез-келген адам ақын, жазушы, аудармашы бола бермейді. Ондай талант шыр етіп дүние есігін ашқаннан маңдайына жазылады. Сол талантты өз бойында дамыту әр адамның еркінде.
Абайдың туындыларын біз дәріптеп, ой санамызға жеткізе білуіміз керек. Бұндай тума талатты адамдар өмірде сирек кездеседі. Сол ақын, жазушыларымыздың туындыларымен мақтан тұта отырып, ой санамызға түйіп, басқа елдерге дәріптеуіміз қажет. Қанша жыл өтсе де атадан балаға қалған мұра болып қалмақшы. Туындыларын мәңгі есімізде сақтаймыз.
Біз нағыз бақытты елміз. Өйткені бізде аты әлемге танылған ақын, жазушыларымыз бар. Қазақ елінде өзіне тән айқын орын алған, өшпес мұра қалдырушы, нағыз талант иелері өте көп. Осындай тума талат иесі көп болсын. Шығармалары мәңгі жасай берсін. Абайдай ақын, жазушымыз барын мен мақтан тұтамын.