Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Сипаты бойынша таны» д/о
Мақсаты:
Білімділік: Ойыншықты сипаттау арқылы қысқа әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Ойыншықтарды сипаттау арқылы сөздік қорларын толықтыру.
Тәрбиелік: Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу,
Қостілділік компонент: балапан – цыпленок, сиыр – корова, мысық – кошка, тауық – курица.
Алдын ала атқарған жұмыс: Әңгімелесу
Көрнекіліктер: №36 демонстрациялық материал, үлестірмелі материал.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Шеңбер құрып, бір-біріне жылу, көтеріңкі көңіл сыйлайды. |
Ұйымдастыру іздестіру
|
Балалар, жол-жөнекей сандық тауып алдым, ашайын десем ашылмайды, оны ашу үшін жұмбақты шешу керек. Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Біті-қолын жуады. Мысықтың суретін көрсету. Оны сипаттау, қайталау, мысықтың баласы – марғау туралы айтып беру. Жұмыртқаны жарып шыққан батыр, Сап-сары үлпілдек жүнді. Бұл не? Сипаттандар. Осылайша бірнеше жұмбақ оқылып, оның жауабын шешкізеді. Жұмбақтың шешуі болған ойыншықтар сипатталады. Тамаша, дұрыс таптыңдар. Осы ойыншықтарды ортаға алып, «Ұзын құлақ сұр қоян» өлеңімен бойымызды сергітеміз. Қостілділік компонент: балапан – цыпленок, сиыр – корова, мысық – кошка, тауық – курица. Сергіту сәті. Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. №36 демонстрациялық материалдармен жұмыс. «Қайсысы неге ұқсайды?» д/ойыны Шарты: бірінші бағандағы жануарларды екінші бағандағы жануарлармен салыстырып, ұқсастықтарын тапқызу арқылы «Ешкінің төлі – лақ», «Қаздың баласы – балапан» деп жауап алу. Жеке жұмыс қажет еткен балалардан сандықтан шыққан заттардың аттарын, түр-түсін сұрау. |
Тәрбиешіні тыңдайды, қызығушылық танытады.
Мысық.
Мысық сипатталады.
Балапан.
Балапан сипатталады.
Қайталайды.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл жасайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
Сұрақ жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау. |
Бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: қысқаша әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы.
Игеру: жануарлар мен олардың төлдері туралы мәліметтерді.
Меңгеру: сұрақтарға толық жауап беру білу іскерліктерін.