КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әзіл күні

18.01.2017

Әзіл  күні

Мақсаты: Білімділік.Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау

Тәрбиелілік:Ойын шарттарын түсініп, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық. Балалардың ой-өрісін дамыту.


Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.


Тәрбиеші: Уа халайық, халайық!

Бәріміз құлақ салайық,

Бүгінгі күлкі күнінде,

                   Ойын ойнап, бір күліп,

Көңілді көтеріп алайық.

Тәрбиеші: Балалар бүгін қандай күн?

Балалар хормен: Күлкі күні!

Тәрбиеші: - Балалар мен бүгін Алдар көсе атамыздан хат алдым. Ол өзімен ойын тапсырмалар ала келеді екен. Біз соған дайын болуымыз керек. Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.

Алдар көсе кіреді.

Алдар көсе: - Күнім қандай тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Бүгін бізде мереке,

Күлкі күні ерекше!

Балалар менің хатымды алдыңдар ма?

Балалар хормен: - ия

Алдар көсе: - Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр. Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар. Қане ойынымызды бастайық!

Ойын: «Кім епті»

Мазмұны: Ортаға 1 – 2 баладан шығып, кішкентай шарларды Алдар көсенің тақиясына лақтыру керек.

Алдар көсе: - Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане ойланайықшы?

Балалар хормен: Сайқымазақ

Сайқымазақ кіреді: - Күлмейтінді күлдірген,

Жүрген жерін бүлдірген,

Көп ойнап, көп күлген,

                

                   Сайқымазақ мен екен.


Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді. Балалар мына смайликті өз түрлеріңмен көрсеткендеріңді қалаймын

(смайликтер таратылады).

Ойын: «Менің бейнем»

Шарты: Қолымыздағы смайликтерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен көрсетуіміз керек.

Би: «Сайқымазақпен би»

Тәрбиеші:Күлкіні іздеме, ол өзіңде,

Күлкіні бағала өзің де.

Жаныңа шипа ем беретін,

Күлкі ғой бағалы өмірде. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,– деп сіздермен қоштасамыз.

 

 

Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст