КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің, Әз Наурыз!»

05.04.2017

Тақырыбы: Қош келдің, Әз

Наурыз!

Мақсаты:

Тәрбиелік:Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай өтетінін айтып түсіндіру.

Дамытушылық:Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін және қандай ұлттық тағамдар

пісірілетіні, қандай ұлттық ойындар ойнатылатынымен таныстыру.

Тәрбиелік:Ұлттық салт - дәстүрлерді

құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Қатысатындар:

Тәрбиешілер:

Жүргізуші: Феруза Камулжановна

Алдаркөсе: Назипа Аблкаировна

Бай: Айслу Зиникешовна

 Орындалатын әндер:

1.    «Көктем келді»

2.    «Наурыз біздің Жаңа жыл»

  Ойындар: 

1. «Тақия тастамақ»

2. «Итеріспек»

3.      «Асық ату»

  

Жүргізуші:

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

Жарығымен, шуағымен Күн - Ана

Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Осыншама жақсылық,

Алып келдің Наурызым!

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып нұр жүзің!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,

«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.

Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса,

бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің,

Әз Наурыз!» деп атайық.

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр

Би: «Қазақ биі»

Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.

Алдар көсе мен бай қонаққа келеді. Балалармен амандасып, наурыз тойымен құттықтайды.

Алдар көсе қызықты қазақтың ұлттық ойындарын әкелгенін айтады.

Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Алдияр.Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жәле жерге енсін

Алидар.Құт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын

Бір бірімен мына жұрт

Көрімдігін асырсын

Аружан.Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханға елімнің

Береке ырыс сыйлашы

Арман.Ой, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Аяулым.Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Ән : «Көктем келді»

Медина.

Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боялды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Алиакбар. Жарасып, жаңғырып,

Құлпырды жер мен көк.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Құралай. Наурыз тойым, Наурыз тойым

Құтты болсын, халайық!

Қане достар, қане достар

Шырқап әнге салайық.

Томирис. Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме,

Байлық бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне!

Айлана С: Келді, келді Наурыз айы,

Ән салайық бәріміз.

Келді, келді Наурыз айы,

Би билейік бәріміз!

Гүлдана: Бұл мұсылман Жаңа жылы,

Қуануда даламыз.

Бұл мұсылман Жаңа жылы,

Шырқап әнге саламыз!

Ойындар ойналады. 

1. «Тақия тастамақ»

2.«Итеріспек»

      «Асық ату»

  Ән: «Наурыз біздің Жаңа жыл»

Тәрбиеші келген қонақтарға рахметін айтып, наурыз дастарханына шақырады.

 

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст