КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз халықаралық Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

05.04.2017

Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сылай білуге,

балалардың бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

 

Жүргізуші1: -Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес, сөнбейді де.

Жүргізуші 2: -Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар,

қадірлі әжелер бүгінгі «Ана – аса қымбатты жан»атты кешімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

 

Жүргізуші 1:

Маржан Боранбайқызы сіз білесіз бе, осы 12 топтың балалары бар ғой, яғни біздің тәрбиеленушілеріміз ана-әжелеріне арнап тамаша бір ойын-сауық кешін ұйымдастырыпты. Барып тамашалайықшы. Әйтпесе жұмыс-жұмыс

деп шаршап кеттік.

 

Жүргізуші 2:

Шынында да осы жұмыс-жұмыс деп демалуға да уақытымыз болмай қалды. Неде болса сол тамашаны көрейік.

Жүргізуші 1: Жүр кеттік, барып бірге көрейік. Мүмкін біздің де көмегіміз қажет болып қалар. Біз көмектесуден жалықпаймыз ғой.

 

Жалпы би: «Анама сыйлаймын»

Балалар музыка әуенімен залға билеп кіреді,

өз ретімен өлең жолдарын оқиды.

Алдияр:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың ,аясындай гүл бақтың.

Кәусар: 

Ер жеткізіпелгебергенбаласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтынымқас-қабағыңбірсенің,

Қайратыңнанқайтакөрме, анашым,-

Амирхан:

Той-тойлап дала мен қалаларым
Асыләже, абзаланамерекесін,
Құттықтауғакеліпотырбалаларың

Диана:

Ақылшым менің анашым,

Мен үшін сен данасың.

Үлгі боп сен ояттың,

Қызыңның бар санасын.

Мансур:

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың егізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Ахат:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Нұржан:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Қ-Х Амир:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған;

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Жансая:

Аялы қолды талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан;

Суық болса жөргегін,

Қорғасындай балқытқан;

Адия:

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

Арсений:

Бәрі жақсы ананың,

Бәрі де оның керек-ау...

Бірақ әрбір баланың 

Өз анасы бөлек-ау!

А.Мадина:

Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Асанәлі:

Жарқынжуздіжананам

Сендейболсын

бар адам

Сендейболса

бар адам

Шаттык кетпес баладан.

Б.Мадина:

Бал

анам, асыл анам, Таңым анам,

Мен сенен қуат алам, жалын да алам.

Күн болып көңілімді күйге бөлеп,

Арнадың өміріңнің бәрін маған.

Сәния:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін жақсылықты аямаған.

Бақшадан үйге келгенімде,

Бал сөзің «Жаным» деген сая маған!

Алан:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам.

Муслим:

Ақ армен-аппақ анам,

Өзіңсің бақ та маған.

Шығамын ақ сүтіңді,

Қалайда ақтап анам.

Дамир:

Жан анам, жарық күн жанарың,

Бір сенде кіндігі даланың.

Өзімді құшақтап сүйгеніңде,

Сеземін көктемнің самалын.

Кемел:

Айналасына ас қойып,

Изенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім?

Бәрі: - Ана

Арлан:

Күнде саған алаңдаған,

Жанашыр кім саған?

Бәрі:Анам

Ербол:

Болсаң егер жаман,

Ренжитін 

кім саған?

Бәрі:Анам

Ернар:

Таң қалғандай ғалам,

Кім ең сұлу адам?

Бәрі:Анам

Ө. Әмір: 

«Боташым» дер саған,

Кім сүйікті адам?

Бәрі:Ана

Ш. Әмір:

«Жаным, күнім» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді,

Бәрі:   Ойлап тапқан

аналар!

 

Адия: -Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты аналар әжелер, асыл да, аяулы аналар, балабақшамыздың ұстаздары, ару қыздар!

Арсений: - Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Жансая:- Білесің бе, Арсений, ана деген керемет асыл жан, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем, тұрып шырын беретін.

Арсений: Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Адия: -Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ, оған қалай қарайсыңдар?

Жансая:- дұрыс айтасың Адия. Мейрімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге арнап ән айтайық.

Арсений:-  «Ақ мамам» әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

                       

Ән: « Ақ мамам»

 

Балалар орындарына отырады. (Алан

мен Кемел перденің артына кетеді көрініске дайындалады)

 

Жүргізуші 1:

Лиза Абдирахмановна, тамашаға бара жатырмыз ғой, осы мен үйден тамақ ішпей шығып едім, қарным ашып тұр.

Жүргізуші 2:

Шіркін, анамның өз қолымен пісірген дәмді бәліші болса ғой, армансыз жер едім.

Жүргізуші 1:

Неде болса шыдайық, шыққан соң сенің үйіңе барамыз.

Жүргізуші2: Бәліш пісіру тек қана аналардың қолынан келер іс. Тамаша басталып кеткен-ау, жүр тезірек кірейік.

 

Көрініс:  «Бәрі

аналардың қолынан келер іс»

(Алан  мен Кемел)

(басында аспазшы шапкасын киіп Алан шығады)

Алан:(өзімен өзі сөйлеп жүреді)Торт пісіру оңай ғой.Тек батыл болу керек.7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек.3 ас қасық бұрыш. Жоқ әлде олай емес пе?

(досы Кемел келіп қалады)

Кемел:    - Олай емес қой!

Алан: - Мен тіптен шатасып кеттім.

Кемел:   - Мұнда бұрыш салмайды ғой.

Алан: - 3 сағат болды осылай жүргеніме. Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім, нәтижесіндекүйіп кеткен бәліш. Мүлдем тортқа ұқсамайды.

Кемел:   -Сен, тыңдашы мына әңгімені . Ерте ертеде 1 сұлу, сымбатты жігіт болыпты.Оның жанында толған ғашық қыздары көп болыпты. Жігіт қыздарды 5 саусақтай өзгертеді екен.Біріншісі әдемі емес, екіншісі

тәтті тағамдар жасай алмайды, үшіншісі, жігітке қошемет айтпайды, төртіншісі өзіне қарамайды. Сонымен жігіт еш қызды менсінбей жанына жолатпайды екен.Сөйтіп қыз таңдап жүргенде қалай қартайғанын білмей қалыпты.Не әйелі  не баласы, не немересі болмаған.Сондықтан айтарым торт пісіру сенің қолың емес, ол аналардың қолы, қыздардың қолынан келер іс!

Алан:-Солай, ма, ендеше мен Жансаядан,не Мадинадан сұрасам қайтеді?

Кемел: -Міне, осының дұрыс, бар соларға!

Алан:-Жақсы, кеттік!

Кемел: - тоқта, оларға бір би билеп берейік.

 

Би: «Қауышқан қыз»

(7қыз, 7 ұл бала)

 

Көрініс: «Әжелерге арналады»

(Диана мен Ербол)

Диана: -Сен, осы әжеңді қалай құттықтар едің?

Ербол: -Мен бе, міне, былай! «Алло, әже, Мерекеңізбен құттықтаймын. Беретін гүлім, айтатын әнім бар! Ойыншықта әперетін, Балабақшаға да әкелетін Әжетай, сені жақсы көремін» - деп, құлағына

сыбырлаймын.

Диана: -Ия, дұрыс –ақ!  Қариясы бар үйдің, қазынасы бар – деп, бекерге айтылмаған ғой.Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, мына әнімізді қабыл алыңыздар дегіміз келеді.

 

(Арлан, Ө.Әмір, Дамир, Нұржан «Әже»

көрінісіне киіне береді)

Ән: «Сағындым әже»

 

Жүргізуші: Ал, құраметті қонақтар! Бізге қонаққа әжелер келе жатыр. Кол соғып қарсы алайық. (үстеріне көйлек киіп, бастарына кимешек киген төрт ер бала әже кейпінде келеді).

Бәрі:

Келіннен қорқып саспайық,

Келіңдер, өсек айтайық.

Немеренің әртүрлі,

Қылығын айтып тастайық.

    Қ-сы:

Ойбай, белім-ай,

Қайда кетті келін-ай.

1-бала: Арлан

Немерем менің блатной,

Күндіз тыным таппайды.

«Видик көру керек» - деп,

Кешкі ұйқыға жатпайды.

Бәрі:

Ойбай сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

 

2-бала:

Ө.Әмір

Немерем менің кір-кір боп,

Үйдің бетін көрмейді.

«Киндер» сатып әпер деп,

Еш тыныштық бермейді.

Бәрі:

Ойбай сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

3-бала: Дамир

Немерем менің теңгеге,

Үйір болып алыпты.

Жүз теңгені сағызға,

Аямай бере салыпты.

Бәрі:

Ойбай сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

4-бала: Нұржан

Немерем менің ән салса,

Махаббат деп айтады.

Қызың бар ма деп едім,

«Жоқ» - деп басын шайқайды.

Бәрі:

Ойбай сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

Бәрі:

Келіндер келіп қапты ғой,

Біз де үйге кетейік.

Немере шіркін тәтті ғой,

Барына шүкір етейік.

 

(әжелер шығып, кетіп қалады)

 

Ахат:

Күлсе шуақ шашатұғын

Бізді әнге қосатұғын

7 қыз бар біздің топта

Бір-бірінен асатұғын.

Ернар:

Жүректерге шабыт берген

Сезімге сыр алып келген.

7 қыз, бізде болғанымен,

Әттең,  жүрек біреу –ақ.

 

Жеке ән: «Көбелектер»

(Адияның орындауында. Артында балалар билеп тұрады)

(Сәние билеп болған соң көрініске дайындалып, киініп

тұрады)

 

 

Ойын: «Ананы дауысынан таны»

Ойын шарты: ортаға 5 баланы 5 ананы шығару. Балалардың көздері байланады, бір ана «Ботақаным» немесе «Қошақаным» деген сөзді айтады. Балалар сол сөзді кімнің анасы айтқанын табу керек

 

Көрініс:   «Әке мен

бала әңгімесі»

(әкесі - Асанәлі, ,баласы – Алдияр, анасы – Сәния)

Алдияр: (Баласы үйге сабақтан келіп, сөмкесін қойып жатады)

Асанәлі: -балам, сабағың қалай?

Алдияр:-Әке, сен өткенде мектептің жанына өтіп бара жатқанда не деп едің?

Асанәлі: -Не, дедім, мен осы мектепте оқыдым, оқығаныма 20 жыл болды дедім.

Алдияр: -Ендеше тыңдаңыз, енді түсіндім, директордың маған  айтқанын.

Асанәлі: -Не айтты?

Алдияр: -Дәл, сендей топасты көрмегеніме 20 жыл болыпты деді!

Асанәлі: (әкесі үндемей қалады) -жарайды, қойшы. Мұғаліммен қалайсың?

Алдияр:  -Ол менен алғашқы ұшқыш әйел кім

деп сұрады?

Асанәлі: -Ия, сен не дедің?

Алдияр: -Не дейін, алғашқы ұшқыш әйел, мыстан кемпір дедім ойланбастан!

Асанәлі: -Ой,балам-ай! Тағы не болды?

Алдияр: -Мұғалім «Абылайханның туған жылы мен күнін айт» -деді. Мен білмеймін

дедім. «Ол, портретінің астында жазылып тұр ғой» - деді мұғалім.

Ал, мен оны, оның телефонының нөмері шығар дедім.

(Анасы алжапқышын шешіп, сөзге араласады)   

Сәния: -Балам, оның дұрыс болмаған екен!

Алдияр: -Анашым, сіздер  маған ақша жоқ, ақша жоқ деуші едіңдер ғой.

Сәния мен Асанәлі: -Ия, енді болып қалады .

Алдияр:-Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.

Сәния:  -Не,дейсің?

Алдияр: -Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Мұғалім, «сен осы сыныпта қайта оқитын боласың» деді.Анашым, сіз бүгін жұмыс істемей-ақ қойыңыз, мерекеңіз ғой, ия әке!

Асанәлі: –Ия, балам, дұрыс айтасың!

(Анасы мәз болып, алдындағы алжапқышын шеше бастайды.)

Сәния:   -Туу, рақмет сендерге.

Алдияр:-Анашым, бітпеген ісіңді түнгі он екіден кейін қайтып жалғастырсаң болады!(кетіп қалады).

 

Ө. Әмір:

7 қыз бар, біздің топта

Бір-бірінен өткен сұлу,

Бірі – шекер, бірі – бал.

Ішінен біреуін таңдап ал!

Арлан:

Қыздар сұлу, сұлу қыздар,

Күн нұрынан нәр алған жылусыздар.

Әдемісің бәрің де, сұлусыңдар,

Бірің көктем, бірің жаз, бірің ызғар.

Екеуі:Келесі әніміз сендерге арналады қыздар!

 

(Мадина А, Мадина Б, Кәусар, Адия келесі көрініске

дайындалуға шығады).

 

Көрініс: «Қожанасыр

қоржынынан»

(Ш.Әмір мен Амирхан)

Амирхан: -Сен, Қожанасыр кім екенін білесің бе?

Ш.Әмір:  -Әрине, ол туралы көп қызықты әңгімелер бар ғой!

Амирхан:  -Ал, ендеше білсең айтшы.

Ш.Әмір: - Тыңда, бірде Қожанасыр есегін жоғалтып алыпты.Қорасына кіріп ішін қарап жүрсе, бір жігіт пен қыз тұр екен. Жігіт өзінің қызына қарап: -«Мөлдіреген көздеріңнен дүние көрінеді» - депті. Мұны естіген Қожанасыр : « ол жерде менің есегім көрінбей ме» –деген екен.

Амирхан: -Ой, ой, міне қызық.Ал, ендеше мені тыңда. Бірде Қожанасырдың сағаты жүрмей қалады. Ол сағатын ары сілкілеп, бері сілкілеп көреді. Жүрмейді. Содан бұған не болды екен деп, сағатын ашып көрсе, ішінде бір шыбын өліп жатыр екен. Сонда, Қожанасыр басын шайқап: «Негежүрмейді десем, шопыры өліп қалған екен

ғой» - депті.

Екеуі бірге:


Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Таң қалдырып би билейтін,

Қыздарға кезек берелік!

 

Көрініс: «Үш ана»

(А.Мадина, Адия, Кәусар, Б.Мадина)

Жүргізуші:

А.Мадина

Ойыннан келген Адия

Қуыршағын іздейді.

Столдың астынан тапты да,

Хал сұрауды көздеді.

Адия:

Қызым, менің қалайсың

Томсырайып қарайсың.

Қарның ашып отырмай,

Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең

Қу сүйек боп қаласың.

Отыр қане қасыма,

Тамақтанып аласың   (Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші:

А.Мадина

Адияның осы сәт,

Анасы үйге кіреді.

Тағат таппай қызының,                                                                                     

            Қалын сұрап біледі.

Анасы: Каусар

Адияжан, бүгін сен,

Тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды,

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,

Тамағыңды іш деймін.

Тіл алмайсың қырсығып,

Осы сені не істеймін (отырады)

Жүргізуші:

А.Мадина

Анасының артынан,

Аптығып әже кіреді.

Ол – дағы өз қызының

Қалын сұрап біледі.

Әжесі:

Б.Мадина

Айналайын, алтыным

Шаршадың ба, жарқыным.

Ішпедіңау тамақ та,

Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,

Түсіңкі ғой қабағың.

Сөткемен тұрып жұмыста

Болмай қалдау тамағың (отырады)

Жүргізуші: А.Мадина

Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады.

Әрқайсысы сұқтанып,

Өз қызына қарады.

Бәрі – үш

ана:

Қандай қиын, қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!

 

Ойын: «Гүлзар»

Ойын шарты: екі жерде жатқан құрсаулардың ішіне балаларды шақырамыз.

Әуен қосылған уақытта балалар құрсаулардан шығып айнала билейді. Ал әуен

аяқталған кезде тез арада құрсаудың ішіне кірулері керек. Соңғы құрсаудың ішіне

кірген бала ойыннан шығады.

 

Б.Мадина:

Today is

Mother's Day.

Let's help

Mama.

I'll make breakfast.

You make lunch.

I'll do the dishes.

You do the shopping.

Let'shelp Mama.

It's Mother's Day.


 

 

Әмірхан:

I love the way you look,

I love the way you cook.

Now what I really want to say

Is:«Happy Mother’s Day»!

 

Ағылшын ән: «My dear, dear mummy»

Ән: «Ана»

Жалпы би: «Көңілді би» (носса)

Балалар аналарына сыйлықтарын таратады.

 

Арсений:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен Тамашамыз  аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

Жүргізуші: Ооой, бүгінгі күнім қандай тамаша болды. Жақсы бір демалдым.

Жүргізуші: Иә, 12 топтың балалары өте өнерлі екен. Қарашы, көрермендердің риза болғаны соншалық, түрегеліп қол шапалақтап жатыр. 

Жүргізуші: Тамашаның артистері сіздерге көп рақмет, жарайсыңдар. 

 

Просмотров: 64401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст