Балаңыз өзіңізден де артық болсын десеңіз.
Бала жетістікке жету ушін, ең әуелі улкендер өздері отбасында қарым-қатынас, іс-әрекет, мінез -құлқымен үлгі болуы тиіс.Қателігін түсініп түзеп отырудың балаға әсері үлкен. Әркез ата – ана балаларының үй ішімен, достарымен қарым – қатынасына қөңіл бөліп, мән бергені дұрыс. Қателігін дер кезінде түзеп, ескерту жасағаны абзал. Мысалы; балаңыз дауыстап сөйлесе, тез ашуланса, жылап немесе ыржақтап күліп жауап берсе, ерсі көрінбей ме? Сол кезде өзіңіздің қалай сөйлейтініңізді еске түсіре қойыңыз. Баланы
тәрбиелей отырып, өзіңді де тәрбиелеу деген осыдан шығады. Өмір сияқты тәрбие де тоқтаусыз жүріп отырады.
Баласы өздерінен артық болып өсіп келе отырады. Баласы өздерінен артық болып өсуіне ата-аналар бірінші орынға бала тәрбиесін қойған, даму жолына түскен жандар деп ойлаймын. Балаларымыз- болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не жетсін! Қашан, қай жаста болса да тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Кеш те болса, жалғастыру керек. Алайда, бала өскен сайын тәрбиелеу тәсілдері де қиындай беретіні жасырын емес. Ендеше бар ықыласымызды,күшімізді бала тәрбиесіне салсақ,жақсы болар еді.