Театр- баларға қуаныш
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды
шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.
Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.
Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке,
мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге
араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге
итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі
алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Балабақшадағы театрландырылған
іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен
және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық
қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл
бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:
- дамытушылық
-әсемділік
- театрлық.
Театр мәдениеті:Балаларға театр
өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр
өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және
ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған
кіретін тақырыптар.
-қойылыммен таныстыру
- қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.
-Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.
-Дайындық
Қойылымды саханалау.
Драматизация
Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима
арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан
жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте
ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері:
жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
шығармашылық көрсетілім;
бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.
Ал , драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.
Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді.
Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі
ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ
бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға
болады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ең көп тараған түрі : ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды
жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер
ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театрқуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына
бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұлбалалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып
табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс
қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар
өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы
суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Көлеңке театр - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың
шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.
Театрландырылған іскерлікарқылы шешілетін өзімнің педагогикалық жұмысымнан мысал келтірейін.
Ертегіден үзіндіні ойнау- әр түрлі мінез- құлықтармен.
Режиссерлық ойын (құрлыс және дидактикалық материалдармен) Ертегі балаларға ерекше айқын эмоционалді оқиғаны әңгімелейді. Ертегідегі кейіпкерлердің суреттін салуға бояуға үйрету. Үстел үстіндегі қозғалмалы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттінен кейінойнатуға болады. Онда балалардың өздерінің шығармашылықтары арттады.
Тәрбиеші, дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакелдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф), саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына көмектеcеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді өзім 2-3 рет оқимын. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.
Музыкалық ойын- әрекеті. Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкермен мәтіндегі өлең арқылы ойын - әрекеті.
Ортаңғы топтағы балалар «өз үшін» ойынан бала біртіндеп көрермендер үшін жасалған қойылымға ауысады. Бұл жастағы балалардың театрландырылған ойынға қызығушылықтары тереңдей түседі.
Ортаңғы мен ересектер тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы арттады. Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.
1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі
кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.
2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындай түседі.
Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп
отырылды. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.