КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ тілін оқытуда ӨТТШТ(өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) /ТРИЗ/ технологиясын қолдану»

11.10.2017

  «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал  жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

                                                          

(Н. Ә. Назарбаев).    

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің

мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу.

 Заманауи қоғамымыздың қайта құруын алтын күректей болып ескен лебі – мемлекеттік тілімізге көп көңіл аударуы.

 Өмірдің ағысынан туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізеді.   

 Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, біздің алдымызға қойған мақсат-балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді

меңгерту. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген.

 Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.

Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Н.К.Крупская  «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» дейді.

 Өз еңбектерінде бала өмірінде  ойынның маңызының зор екенін  көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.

   Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты білім берудің барлық жүйесін жаңғырту үдерісі

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды, осы үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдемені іздеуді қарқындатады.

Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың

әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларды дайындаусыз мүмкін емес.

Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның заманауи даму сатысында білім беру үдерістерінде өзгерістер орын алуда: мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтардың

назарын балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоционалды-еріктік және қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; дәстүрлі әдістердің орнын баланың танымдық дамуын

белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері басуда.

Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады.

 

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст