«Балабақшадағы таңертеңгілік
жаттығулардың маңызы»
Таңертеңгі жаттығу балалар балабақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға
ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін
бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес бір шама уақыт өткен соң жасағанда шың тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы
сәті болады, балалардың бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық мезгілдерінде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі екі апта бойы қайталанылады. Егер комлекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырмаса онда ол
тәрбиешінің өз қалауына қарай күрделенуі мүмкін. Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін, ата-аналар балаларын балабақшаға кешіктірмей алып келуі абзал. Таңертеңгілік жаттығуды тәрбиеші мен дене тәрбиесі нұсқаушысы өткізеді. Таңертеңгілік гимнастика бала ағзасын белсенді етуге,жұмыс қабілеттілігін жоғарлатуға, тұлғаның дұрыс түзулігін
қалыптастыруға бағытталады. Оның амалдары: қарапайым түрдегі жаттығулар, су процедурасы, шынығу, массаж. Таңертеңгілік гимнастиканың ұзақтығы 3-4 жастағы балаларға 5-6 минут, 4-5 жастағы балаларға 6-7 минут, 5-6 жастағы балаларға
8-10 минутқа созылады. Таңертеңгілік гимнастиканың құрылымы мынандай болуы мүмкін: жүру, жүгіру жаттығулары, қол және иық жаттығулары, кеуде, арқа іш еттеріне арналған жаттығулар, қысқа жүгіру және ағзаны қалпына келтіретін жүру
жаттығулары. Таңертеңгілік гимнастикалық жаттығулары балаларды жалықтырып жібермеу үшін 7-10 күнде жаттығулар кешені 2-3 жаңа жаттығулар кіргізіп отырған дұрыс болады.