КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күз- береке, күз мереке!»

18.10.2017

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, көкөністер менжемістер туралы түсініктерін  одан әрі

жетілдіру. Мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру. Үлкендердің еңбегінсыйлауға тәрбиелеу.

Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтармен толқып, билепкүз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда. Балалар вальс  әуенімен, күз мезгіліне байланысты безендірілген залға кіреді.

Жүргізуші:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, Алтын күз!

Құрметті ата- аналар, балабқша қызметкерлері, балалар  сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз! Біздің балаларымыздың «Күз

– береке, күз мереке» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!

Ән: « Күз тамаша!»

Жүргізуші: Келесі кезекте балалардың

күзге арналған  тапақтарын қабыл

алыңыздар.

Ариет:

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырамыз.

 Аппақ арай таңында,

 Шомыламыз нұрға біз.

Гульдана:

Көк аспанның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегін желбіреп.

Аиша:

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің

дала- бай дала,

Ел

егінді жинайды

Нұржан:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бірін тауып беретін

Жомарт екен Күз деген.

Нурислам

Астық-дала-сәулеті,

Астық-Отан

дәулеті.

Біздің

дала-бай дала

Алтын астық айнала.

Орман сақшысы кіреді.

-Кыш, кыш, ой балалар, салеметсіңдер ме» Сендер мұнда не істеп отырсыңдар? Өздерің

сондай әдемісіңдер!

Балалар:

- Күз мерекесін тойлап жатырмыз!

Орман сақшысы: Аа, солай ма, күз болып қалды ма?Ой жақсы болды ғой. Жаз

бойы мен бау- бақшадағы жеміс- жидектерді құстардан қорғап шаршадым. Енді күз

келіп демалатын болдым ғой, тамаша! – Балалар, сендер жақсы хабар айтып менің

көңілімді көтердіңдер. Есесіне мен сендермен 

қызықты ойын ойнаймын.

Ойын: « Көкөністер мен жемістер

жинайық»

Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді

бір- бірінен ажыратып жинауды үйрету.

Жүргізуші: - Балалар, қонағымызға

арнап би билеп берейік, қонағымыз да биздің биімізге қосылсын.

Би: «Бақалар»

Орман қуыршағы: - Міне тамаша, билерің

маған қатты ұнады, сендермен бірге би билеп сергіп қалдым! Енді менің сендермен

қоштасатын кезім келді, күз  болып

адамдар жиын- теріндерін жинап алды. Осымен менің де жұмысым аяқталды. Келесі

жазға дейін сау болыңдар балалар!

 

Жүргізуші: - Мерекемізді  әрі қарай жалғастырайық, біздің балалардың

ағылшын тілінде тақпақтары.

Алдияр:

Red leaves and

yellow leaves, 

Orange leaves and brown. 

Leaves are dancing everywhere 

Happily dancing down.

Бекмухамед:

Let’s play today

Let’s dance a lot

Let’s sing a song

About my autumn.

 

Залға билеп Күз ханшайымы кіреді.

Күз

ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: - Сәлеметсіз бе!

Күз

ханшайымы: - Сендер мені тандыңдар ма?

Балалар: - Ия, сіз Алтын күзсіз.

Күз

ханшайымы: - Дұрыс айтасыңдар, ал сендер күз жайлы не білесіңдер,

оның қандай ерекшеліктері бар?

Балалардың

жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл

болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске 

боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын

шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс- жидектер, көкөністер, бақша дақылдары,

егістікте астық пісіп, қамбарларға жиналады. 

Күз- жылдың берекелі мезгілі.

Күз

ханшайымы: - Міне тамаша, мен жайлы көп нәрсе біледі екенсіңдер!

Жүргізуші: - Біздің балалардың сізге арнаған әні де бар, қабыл алыңыз Алтын күз.

Ән: « Тамшылар»

Жүргізуші:

Ән салыңдар,күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Би: «Күзгі вальс»

Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар. Ал сендер күз мезгілінің айларын білесіңдер ме?

Балалар:

Қыркүйек, қазан, қараша.

 Күз ханшайымы: Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек,

Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейін.

Қыркүйек:

Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен, қошкеліпсіз күздескен

Бірінші қыркүйек, білімгебастады

Мал мен аң жүрбилеп, құс шарлап аспанды.

Қазан:

Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты,

Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп .

Жаңбырлы  ғажап айы, бұл мен қазан айы.

Қараша:

 Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық,

Қараша өрледі, қараша ән салып.

Күн суытып барады, малдар қолға қарады.

Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.

Жүргізуші:

 -Рахмет күз айлары, біздің мерекеге хош

келдіңдер, балалармен бірге  көңіл

көтеріңдер.

Кезегімізді әнге берейік.

Ән:

«Алтын Күз»

Жүргізуші:

-Балақандарым

сендерге тағыда жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбағым жыл құстары туралы.

Көлдіңкөркі-еркесі,

Қанаттары көрпесі.

бойын күтіпбаптайды,

Ешкім оны атпайды.

(аққу)

Қос жұдырықтайжүректі,

Үй етіп, балапандарын түлетті.

(қарлығаш)

Көктемдеұшыпкеледі,

Жаздай концерт береді.

(бұлбұл)

Ойын:

«Қолшатырлар»

Тамирис:

 Жайдары күз, жарқын күз,

 Аяулы күз, Алтын  күз.

 Сары 

алтынға малынған,

 Дариядай шалқып жүр.

Әліби:

Алтын,

сары, қызыл, көк

Алуан-алуан

жапырақ

Күзгі

бақта күлімдеп,

Көз

тартады жалбырап

Зайнаб:

Қарашы

күз келді, күз келді

Сары

алтын жауыпты іздерді

Құс

біткен керуен тізеді,

Көңілсіз

неліктен, күз енді?

Мансұр:

Ой,

алақай тамаша,

Шашу

шашты жапырақ

Бақтың

іші- алаша

Аунар

ма, деп жатып ап!

Нұрайым:

Күш

шуаққа маужырап

Жатыр

еді атырап,

А,аштардан

жамырап,

Ұшты

кенет жапырақ.

Би:

« Жайдары Күз»

Күз

ханшайымы:

Айналайын балаларым

Өнерлерің көп екен. Риза болып

отырмын.

Мен қайтатын кез болды.

 Аман есен болыңдар .                               

 Еңбекетіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар.

Әкелген жемістерін балаларға таратып береді.

Балалар: Рахмет саған Алтын күз.

 Жүргізуші:

-Қош, қошАлтын күз.

Балалар осымен біздің Күз  мерекесіне

арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Берекелі бақ –дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық  бәріміз,

Келгенше күз айналып!

Құрметті ата-аналар, қонақтар баршаңызлы тағы да Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз. Осымен бүгінгі «Күз- береке, күз мереке!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст