«ТРИЗ ойындарын қолдану»
Балаларымыздың болашағын жарқын да, бақытты ету біз бен мына отырған сіздердің қолдарыңызда.
Осы мақсатта біз аянбай еңбек етудеміз. Заман талабына сай бүлдіршіндерді оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, балабақша өміріне енуде.
Сондықтан, қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі
жұмыс түрі – ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін оның тілін, сөз байлығын дамытып және айналадағы өмір құбылысын ұғынуына ойынды пайдаланудың маңызы зор.
Осы мақсатта “Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы” технологиясының ойындарын қолдана отырып, “Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып
адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында жұмыс істеп келемін.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог
Антон Семенович Макаренко : «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады».
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау, есте сақтау мүмкіндіктері
жақсы дамыған.
Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық, логикалық, қимылды, желілі рөлді ойындарды қолдана білу керек. Осы технологияны қалыптастыру мақсатында ата-аналармен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
Балалармен жасаған жұмыстың әр күні – ізденістен тұрады. ӨТШТ технологиясының әдістерін пайдалана отырып, «Айтып берші», «Қызықты әріптер әлемі», балалардың тілін дамыту мақсатында ойын жинақтарын топтастырдым.
Балалардың шығармашылыққабілеттерін дамытуда «Мектеп жасына дейінгі балалармен зерттеуді өткізу мен ұйымдастыру» және«Мектепке дейінгі ұйымдарда ӨТШТ технологиясының әдістері мен тәсілдерін
қолдану ерекшеліктері» атты ұзақ мерзімді жобалар, «Өзін-өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі» атты
жұмыстар жүргізілді.
2013-2016 жыл аралығындағы жұмыстарымды бір жүйеге топтастырып, «ӨТШТ ойындары арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу» атты әдістемелік құрал шығардым. Бұл әдістемелік
құралмен VІ Халықаралық инновациялық жәрмеңкеге қатысып, сертификатқа ие болдым. 2017 жылы қалалық деңгейінде тәжірибем таратылды.
VIІ Халықаралық педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесіне «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясының әдістерін қолдану» (вариативтік компонент) авторлық бағдарлама әдістемелік құралым ұсынылды. Әдітемелік құралмен «Үздік авторлық бағдарлама» атты қалалық сайысқа қатысып
ІІІ дәрежелі дипломға ие болдым. Қазіргі таңда «Достық», «Амина», «Қарлығаш», «Көктем», «Еркемай» балабақшаларындағы тәрбиешілер қолданысқа ие. Педагогикалық шеберлігімді қалалық, облыстық әдістемелік бірлестіктерде одан әрі шыңдадым. Сәуір айында «Республикалық педагогикалық оқуларынан» қалалық, облыстық деңгейінен өтіп, республикалық деңгейге жолдама алдым.02 мамыр күні Қостанай қаласында өткен конференцияға қатысып, сертификат-дипломға ие болдым. Менің тәрбиеленушілерім түрлі қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Ата-аналар тарапынан да ыстық лебіздерге толы ризашылықтарын әрдайым білдіруде. Сөзімді Альберт Эйнштейннің «Өзіңді қызықтыратын іспенайналысқаннан артық, еш нәрсе жоқ» деген дана сөзімен аяқтаймын.