КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің Отаным- Қазқастан»

20.12.2017

Тақырыбы:  «Менің Отаным- Қазқастан»

Мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,

Дамытушылық:балалардың ой-өрісін,сөздік қорларын дамыту

Тәрбиелік:туған жер мен елін сүйіп қорғай білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, Л.Асанова, Қ.Рысқұлбековтың портреттері, Астананың 

фотосуреттері, киіз үйдің макеті

Шеңберге тұрып жылулық  лебізін ұйымдастыру

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді  Қазақстан Республикасының ән ұранымен

бастайық.

Әнұран (балалар орындарынан тұрып қолдарын жүрекке қойып бірге айтады)

-         Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

-         Қазақ, орыс,қырғыз

-         Олармен біз қалай тұрамыз?

-         Тату тәтті тұрамыз.

-         Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-         ҚазақстанРеспубликасы.

-        Қазақстан қандай мемлекет ?

-         Егеменді,тәуелсіз  мемлекет.

-        Елбасымыз кім?

-         Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-        Елорда бас қаламыз қай қала?

-         Астана қаласы.

-         Алөзіміз қай қалада тұрамыз?

-         Көкшетауда

        Балалар 16желтоқсан елімізде үлкен мереке болып аталады. Себебі еліміздің тәуелсізідк

алған күні.

Қазақстан Республикасы өзінің  тәуелсіздігін алғанына 26жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықтарды бастан кешірді.Осыдан  26 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, 

Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. 

Еліміз өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды.  Конституция заңдарында

Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарын бар екені туралы жазылған.

1991жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім, 
Төмен қарап жер көрдім 
Оңға, солға бұрылып, 
Егеменді ел көрдім. 

 Қазіргі таңда Қазақстанның қалай дамып көркейгенін мына фотолардан көреміз.

-        Еліміздің әдемі бас қаласы қалай аталады?

-        Ия Астана деп аталады.

Балалармен Астана  қаласының фотоларын көріп тамашалау.

Қорытынды:  Сендер кішкентай болсаңдарда осы мемлекеттің азаматтарысыңдар.Сондықтан балалар өз

мемлекетімізде  тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек.Барлығымыз тату-тәтті өмір сүрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 313


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст