Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалы қ өрісін табады.
Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан, мағынасы өшпейтін із қалдырады.
Балаларды әдептілік, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу мақсатында ӨТТШТ технологиясын
пайдалана отырып, алдыма қойған мақсат-мүдделерімді жүзеге асырудамын.
«ӨТТШТ– өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы»
Бұл ең кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллержасаған.
ӨТТШТ - тің мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын
қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
ӨТТШТ-ң ұраны – «Барлығын айтуға болады!»
ӨТТШТ - балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.
Мен бүгін сіздерге балалармен жұмыс барысында ӨТТШТ технологиясына ғана тән әдіс-тәсілдер жайлы айтамын.
1 әдіс – қарама-қайшылық
Әдістің негізгі мақсаты балаларға қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың қарама-қайшылығын көріп, топтастыра білуге үйретеді.
Қарама – қайшылық – белгілі бір жүйені бір жағдайда жақсы да, жаман да жақтарынан көрсетеді.
«Жақсы – жаман» ойынын ойнайық. Өзімізге таныс, қарапайым «жаңбыр» сөзін алайық.
Жақсы: Бәрі өседі. Өлең шығаруға деген шабыт жаңбырлы күні келеді. Бәрін тазалап, жуады. Көктем келеді. Шалшық суда жүгіру. Резеңке етік киіп серуендеу. Ақ жауын. Кемпірқосақ. Жылғалардан су ағады. Әйнек бетін әдемі тамшы сулары басады.
Жаман: Ылғалдылық мол. Ауырып қалуға болады. Серуендеуге болмайды. Жоспарларды бұзады. Саз болады. Аймақты су басу қаупі болады.
Осындай ойындар балалардың қоршаған орта да қарама-қайшылықтардың болатынын түсіндіреді.
Тәжірибе нәтижесінде, осындай жақсы көрсеткіштер береді.
2. ӨТТШТ технологиясында «Миға шабуыл» әдісі ең қолайлы әдіс болып табылады.
Бұл әдіс - балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге, шешілмеген мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешуге өз пайдасын тигізеді.
Мысалы: Сағатын болмаған жағдайда, уақытты қалай білуге болады?
1.Белгілі бір жағдайға байланысты жауап беріледі.
Қоңырау соғу, радионы қосып дәл уақытты жариялағанын күту, көшеге шығып өткен жолаушыдан
уақытты сұрау, әтештің шақыруынан, көшедегі жүргіншілердің санына қарап анықтауға болады.
2.Қуыршақ жоғалып қалмау үшін, не істеу керек?
Үйден қуыршақты шығармау керек, көйлегіне байлап қою керек, бірге бір жерде ойнау керек, бір
орынға қою керек, ешкімге ойнауға бермеу, қуыршаққа автоматты шырылдауық орнату қажет, сонда ол әр жарты сағат сайын дыбыс беретін болады.
Миға шабуыл ойыны өмірде орындалмайтын жағдайлардың болмайтынын білдіреді.
3 әдіс (фокалды құрылым әдісі)
Бұл әдіс келесі жағдайларда көрсетіледі
Біздің алдымызда құрылым сиқыршы тәрізді негізіде бейнеленген. Берілген құрылымды пайдалану
үшін, бір –бірімен байланысы жоқ басқа құрылымға айналдыру қажет. Ойда жоқ қосылыстар қызықты нәтиже береді. Фокалды құрылым әдісі тауарлардан жаңа ойлы ұсыныстар, әртүрлі сыйлықтардан, ойыншықтардан, жемістерден, қиялдаған жануарларды ойластыруға, оған ат қоюға, оның ата-аналары кім екенін анықтап және немен қоректенетінін табады.
4 әдіс КАМ (кішкентай адамдарды модульдеу) әртүрлі агрегатты жағдайлармен таныстық барысында
кішкентай адамдардың тәсілі қолданылады. Әдістің түп мақсаты, балалардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды кішкентай адамдар етіп қиялдауы.
Кішкентай адамдар ойыны фазалық зат алмасу аралығын елестетуге қолайлы. Логикалық ойлау тәсілін,
есте сақтау қабілетін дамытады, қорытынды беруге көмектеседі.
1.Кішкентай адамдар – өте тату, жоғалып кетпеу үшін, олар үнемі қолдарынан ұстасып жүреді,
қолдарынан мықтап ұстайды, оларды ажырату мүмкін емес. Бұндай адамдар – мықты, қатты және тек осындай адамдар ғана тауда, таста, ағашта тұрады.
2.Басқа адамдар да бір-бірінен алысқа ұзамайды, тек олар осынша тату емес, олар бір-біріне жақын
тұрып, шынтақтарымен жанасады. Бұндай кішкентай адамдар заттың сұйық түрінен тұрады. Сондықтан біз жеңілдікпен кеседегі шайға қасығымызды салып, қантты былғаймыз.
3.Ал, үшінші кішкентай адамдар олар қалай болса солай қозғалады, қолдарынан ұстаспайды!
Осындай адамдардың ортасынан еркін өте беруге болатынына, Сіздер менімен келісесіздер ғой! Мұндай заттар ауада, газда, тұманда өмір сүреді. Оларды газ тәріздес заттар деп атайды.
Кішкентай адамдарды модульдеуді пайдалана отырып, экспериментті сабақтарды, айналамен танысу,
бейнелеу өнерін дамыту барысында қолдануға өте қолайлы.
5. «Жүйелі оператор» әдісі
Білім берудің ең маңызды есебі ол алған білімдерін тиянақтау болып табылады. ӨТТШТ технологиясында «Жүйелі оператор» деген әдіс бар.
Жүйелі оператормен жұмыс істеу барысында, балалар берілген бір затқа талдау жасайды, оны өздерінше
суреттейді,белгіленген уақыт мерзімінде даму барысын, құрылуын, белгілерін анықтайды.
Бұл әдісті қолдану барысында алгоритм сұлбасын кеңінен қолданамыз.
« Ғажайып баспалдақ»
Бұл алгоритм – сұлбасы. Осы сұлбаға қарап мектепке дейінгі мекемелердегі бүлдіршіндер, қандай
да болмасын құбылысты өздерінше жандандырып, әңгіме құрастыра алады. Үнемі және көбіне бізге тәуелді болатын қоршаған ортаны балалар жанды дүние етіп қарастырады. Баспалдақтың әр сатысында жаршы ретінде ӨТТШТ- нің әдіс-тәсілдері көрсетілген. Жаршыны міндетті түрде балалардың өздеріне таңдату керек, сонда ғана олар қанағаттанарлық көңіл күйде сұлбамен жұмысты одан әрі жалғастырады.
Сабақта ӨТТШТ әдіс-тәсілдерін қолдану аясына байланысты, баспалдақтар санын өзгертуге болады.
ӨТТШТ әдістерін пайдалану барысында, көптеген жақсы нәтижеге жетуге болады. Балаларды білімге
деген құштарлығы артады, қиял-ғажайып ойлары, тіл байлықтары дамиды. Өз еріктерімен тығырықтан шығу жолдарын қарастырады. Білсем, үйренсем деген ынталары артып, біліміділіктері дамиды.
« Өзім үйреніп, басқаны үйрету» бұл ӨТТШТ технологиясының ең маңызды ережесі.
Қорытынды : «Кез-келген адам өз білімін кемеліне келтіре алмаса, басқа адамның білімін кемеліне келтіруге өз үлесін де қоса алмайды» , деген Чарльз Диккенстің сөзімен аяқтаймын.
Құрметті әріптестер! ӨТТШТ технологиясының түрлі әдіс- тәсілдерін қолданып, балалар әлемінің қиял-
ғажайып қақпасын ашыңыздар!Өмірімізді өз қолымызбен, өз қиялымызбен жасай білейік.