Текст
https://www.instagram.com/sad_dostyq/?locale=ru&hl=am-et
«Жаңа жыл да келіп қалды елімізге!». Барлық адамдар осы сиқырлы, жылы және қуанышты мерекені күтеді. Бұл көңілді мерекені біздің балабақша балалары асыға күтті. Бір ай бойы әр топ бұл іс-шараға дайындалды - олар ән, би үйреніп, костюмдер мен өлеңдер дайындады.
Көптен күткен ертеңгіліктер аптасы аяқталды. Бүкіл балабақша ертегі әлеміне айналды! Осындай әр түрлі жаңа жылдық оқиғалар барлық балалар мен олардың ата-аналарының көңілінен шықты. Барлық балалар ертегі кейіпкерлеріне айналды. Олар: қоян, қасқыр, түлкі, ақшақарлар, патшалар мен патшайымдар және басқалар костюмдерін киіп, өнерлерін көрсетті. Әр топ өзінің жаңа жылдық тарихын айтып берді.
Мерекелік апта өте қуанышты, шынайы, сиқырлы және есте қаларлық болды.