КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес: «Компьютердің пайдасы мен зияны»

29.05.2019

Тәрбиеші: О.Ж. Шуақпаева

Компьютердің пайдасы мен зияны.

ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез-келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керекті ғаламтор мәліметі арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Мұның өзі адамзат үшін үлкен жетістік болып табылады. Осы ақылды көк жәшіктің балалар денсаулығына зияны туралы дәрігерлер не дейді? Дәрігерлер «баланың ұзақ уақыт қозғалмай, компьютердің алдында отыруы, ой-өрісінің дамуын шектеп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады» - дейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ойы тежеледі. Дәрігер қауымы «ақылды» жәшіктің жас балаға кері әсерін былайша жіктейді...

Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді.

 Жақында Ресейлік бір телебағдарламада мынандай қанқұйлы оқиғаны көрсетті. 12 жасар бала үйіндегі компьютермен түрлі қанқұйлы атыс-шабыс ойындар ойнап, компьютер алдынан шықпай қояды. Бұған ыза болып ашуланған әкесі пышақ алып компьютердің желілерін кесіп-кесіп тастап, пышағын столдың үстіне қойып, өзі төргі үйдегі диванның үстіне демалып отырса, ұлы жаңағы пышақты алып, жүгіріп келіп, бейне ата-жауын көргендей әкесінің тура жүрегіне пышақты қадаған. Әкесі сол жерде жан тапсырған. Жақын көршілерімізде болып жатқан осындай келеңсіз жағдайлар, бірде болмаса бірде бізде де орын алмасына кім кепіл? Сондықтан, балаңызды қанша жақсы көріп тұрсаңыз да, компьютерге көп үйір қылмаған абзал. Оның орнына таза ауада көбірек ойнатқанның пайдасы зор болмақ. Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық-зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке-жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата-ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Сонымен бірге, соңғы кезде ұялы телефон арқылы агент жүйесімен тілдесу де оқушылардың және жастардың арасында кең тарады. Ал ұялы телефонды пайдалану кезінде, электромагниттік толқындардың өте зиянды әсері бар екендігі ғылыми дәлелденіп отыр. Қорыта айтқанда, әр нәрсені қолданудың өз орны бар екенін, «Баланы жастан» деген аталы сөзді ұмытпа

Просмотров: 594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст