Ерденова Ұ.Б., тәрбиеші
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Менің отбасымның ағашы»
Білімділік: Балаларды өзінің отбасылары, олардың мейірімділігі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талпындыру. Отбасы мүшелерінің іс - әрекеттерін баяндауға, байланыстырып сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін тудыру. Өздерін қоршаған ортадағы адамдармен, туыстарымен жақсы қарым - қатынаста болу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдық:(проектор) видио рольик«Отбасы ағашы»( слайд) көрсету.«Сиқырлы кітап» бойынша тапсырмалар,балалардың отбасылық фото(коллаж),
Д\ойын "Қай зат кімдікі"
Билингвальды компонент: отбасы-семья, ана-мама, әке-отец, аға-брат, әпке-сестра.
Ұйымдастыру кезеңі:
(музыка әуенімен топка кіреді)
Шаттық шеңбер:«Біздің шаңырақ»
Атамнан басталар Начинаю сдедушки
Әжемнен қосталар Продолжаю бабушкой
Отбасым мыналар Вот мой родителей
Ең жақын адамдар Вот сестра и брат
Әкем мен анам бар Все мне дорогие
Бір туған ағам бар Самые родные
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін!
- Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі оқу-қызметі. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық!
-Сәлеметсіздер ме!Здраствуйте!
-Балалар назарын бейне таспаға көңілдерін аудару.
Отбасы жайлы(видео ролик)көрсету.
Тәрбиешінің сөзі:......................
-Балалар отбасы ағашымыздың ең түп тамыры кімдер екен?
-Ата,Әже
-Әке,Ана
-Аға,Апа
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?
-Нағашы ата,нағашы апа
-Иә
-Бұл нағашы апа,ата деп кімнің туыстарын айтамыз?
Анамыздың туыстарын айтамыз.
-Дұрыс айтасыңдар
Осы жанұянын барлығын бір сөзбен айтқанда қалай атаймыз?
-Отбасы
-Мінекей, балалар, біз де енді үлкен, тату - тәтті отбасы болуымыз керек.
Бір - бірімізге қамқор болып, әрдайым көмектесіп жүруіміз керек. Сонда біздің отбасымыз берекелі де, мерекелі болмақ!
15 қыркүйек біздің елімізде Отбасы күні болып жарияланды.
-Балалар сендер жұмбақ шешкілерің келе ме?
-Иә
Жұмбақ:
Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.
(Отбасы)
Іздену ұйымдастырушылық:
Тәрбиеші:сендерге «Менің Отбасым»деген«Сиқырлы кітап»әкелдім.Бұл кітапта көптеген сиқырлы тапсырмалар берілген екен.Осы тапсырмаларды орындаймыз ба?
-Иә
1.тапсырма
-Қане,мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?
-Ата,Әже,Әке,Ана,Аға,Апа.
-Дұрыс айтасыңдар!
Қыстырғышқа жеке-жеке отбасын орналастырады.
2.тапсырма
Анаңа қандай гүл сыйлар едің?
бір бала шығып,өзінің анасына раушан гүлін сыйлар едім деп суретін көрсетеді.
3.тапсырма
Отбасы жайлы мақал мәтелдер:
Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
Отанды сүю-отбасынан басталады.
Ата – бәйтерек.
Бала жапырақ
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ата – анаңды құрметте,
Үлкендерді құрметте!
Ана – бұлақ,
Әке – асқар тау
-Балалар жатқа өздерінің білетін мақал-мәтелдерін айтып береді.
Қане балалар,шаршаған шығарсыңдар, біраз сергіп алайық.
Қанеки балалар, біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Сергіту сәті:
Үйде нешеу екенбіз
Кел санайық екеуміз,
Бас бармағым папам
Балаң үйрек анам.
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек мен
Кішкене бөбек сен.
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.
- Балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?
4.тапсырма
Отбасындағы мамандық иелері:
-Балалар өз отбасындағы мамандық иелері жайлы сурет бойынша көрсетіп айтып береді.
5.тапсырма
Отбасы туралы бояғыш кітапшалар:
Күннің екінші жартысында балалар осы кітапша бойынша бояп үйренеді.
6.тапсырма
Д\ойын: «Қай зат кімдікі?
Шарты: Берілген отбасы мүшелерінің суреттерінің тұстарына балалар өзіне тиесілі заттарын алып жанына қояды.(тапсырма тақта арқылы орындалады)
7.тапсырма
Топтық жұмыс:
1-топша
Киіз үйді әшекейлеу.
-Балалар екі топшаға бөлінеді.
Үлкен киіз үйдің(фетрдан)жасалған макеті
-Балалар қараңдаршы бұл не?
Бұл киіз үй
-Дұрыс айтасыңдар.Осы киіз үйді әшекейлейсіңдер.
2-топша
Отбасы ағашына,үйінде неше отбасы бар сонша түйме жапсырады.
Балаларға ағашты корсету.Үлкен фетрдан қиып жасалған.
Осы ағашқа сендер үйлеріңде неше отбасы,сонша түйме қадайсыңдар.
Рефлексиялық қозғаушылық:
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
-Отбасы жайлы айттық.
Иә, дұрыс айтасыңдар сендердің әр қайсыларыңның өз отбасыларың аналарың, әкелерің, апайларың, ағаларың, қарындастарың,інілерің бар. Сендер оларды қатты жақсы көресіңдер ме?
-Иә
- Балалар бүгін біз кімдер туралы айттық?
-Отбасы мүшелері туралы
Өз отбасы мүшелерін танып білуді, отбасы мүшелерін олардың аталуын, сұраққа жауап бере алады, көмек көрсете біледі.
Өз ойларын жеткізе алады, суретпен жұмыс жасай алады,тақтамен жұмыс істей алады. Өз ойларын емін-еркін айта