Тәрбиеші: Капарова Жамиля Уалихановна
«Балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» В.А.Сухомлинский
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интеллектуалдық қабілетін айғақтайтын, дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі.
Мектепке дейінгі жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Баланың даму деңгейін анықтау үшін көбіне мынадай әдіс қолданылады: тәрбиешісі (немесе ұстазы, ата-анасы) балаға бір саусағын көрсетуді сұрайды, артынан екеу, сосын үшеу. Егер бала саусақтарын еш қинамастан, бүкпей, емін-еркін ашатын болса, онда ол – сөйлеуге жетік бала. Саусақтарының барлығын біркелкі бүгіп жазса және сол уақытта бұлшық еттеріне күш түсіріп, тырыстыратын балалар – сөйлеуге асықпайтын балалар. Саусақтарының қозғалысы емін-еркін болмайынша,баланың тіл дамуы мен ойлау қабілеті қиындау болады.
Саусақтарға жүйелі түрде жаттығу жасау арқылы баланың ойлау қабілеті мен тілінің дамуына үлкен ықпалымызды тигізе аламыз.Баланың саусақтарының қимыл-қозғалысы жеткілікті нүктелерге жеткен кезде ғана оның сөздік қоры қажетті деңгейде қалыптасады.
Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту сөздік қордың әр сатысының жоғарылап қалыптасуына септігін тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар жаңадан сөздерді үйренуге негіз жасай алады.
Қол саусақтарына жаттығу жасау баланың ортақ дамуын ынталандырып, әсіресе тілдік дамуын жетілдіреді.
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:
– қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
– саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
– сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
– қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
– өз құрбылары және үлкендермен қарым - қатынаста эмоционалды -қолайлы жағдай жасау.
- Балалардың ұсақ моторикасының дамуына ата-аналармен қарым-қатынаста жұмыс жасау.
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей іс-әрекеттерді қолданамын:
- Тәрбиешінің балалармен бірлескен іс- әрекеті.
- Балалармен жеке жұмыс.
- Балалардың ерікті өз бетімен іс-әрекеттері
-Ата-аналармен жұмыс
Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында келесі жұмыс түрлерін жүргіземін:
- саусақ жаттығулары,
- саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
-музыкалық ойындар,
- массаж
- пазл, мозаика қолдану.
- ұсақ заттармен, ойыншықтармен ойындар т.б
-графикалық жаттығулар,
-затпен және затсыз ойындар
- Өзін-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту бойынша оқу-қызметтері Негізгі бағыттар:
-заттық-дамытушылық орта құру -жұмыс құралдарын жасау -балалармен жұмыс -ата-аналармен жұмыс
Қорытынды
Саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған жұмыс нәтижесі тиімді болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Шығармашылық процестен, өз туындысынан ләззат алып, әр жұмысты, әр істі қызығушылықпен орындап аяғына дейін жеткізу. Бұл әдістемелер арқылы балалардың тілдік, сөйлеу байланысы жақсарады, танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылықтары артады. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.
Құрметті әріптестер! «Саусақ ойындарын ойнау арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамытайық»