Музыкалық сабақ

Алпысова А. Ж музыка жетекшісі

 Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка

Мақсаты:
Білімділік:Балаларды музыкада көрсетілген эмоциялар мен сезімдерді түсінуге үйрету. Күз туралы білімдерін бекіту.Күздің сұлулығын өнер, классикалық музыка, суретшілердің суреттері және көркембейнелеу арқылы көрсету.

Дамытушылық: Музыкалық-сенсорлық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Музыкалық қне туындыларын қабылдау және түсінуді,эмоционалдық қайырымдылықты дамыту.

Тәрбиелік: Әр түрлі музыкалық және көркем қызметпен айналысуға тәрбиелеу.
Құрал-жыбдықтар, көрнекіліктер: Проектор, экран, суреттердің репродукциясы,жылы суы бар шағын ыдыстар, салфеткалар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар залға «Күзгі жапырақтар» биімен кіреді, шеңбер құрады.

 Музыка жетекшісі: Балалар сендер кім болып келдіңдер?

Балалар: Жапырақтар

Музыка жетекшісі: Ал енді жапырақтардан аңдарға айнала аласындар ма?

Балалар: Иә, айнала аламыз!

Музыка жетекшісі: Ал ендеше менің соңымнан қайталаңдар. (муз.жет. аюдың, қоянның, құстың қимылдарын көрсетеді, балалар қайталайды)

Музыка жетекшісі: Балалар біз сендермен күзгі орманға келдік. Ал енді орман тұрғындарымен, олардың тілінде амандасайық.

  • Ку-ку
  • Лемале
  • Ау
  • Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіп тұр (таң каламыз).Балалар біздің қонақтармен амандасып алайық.

Балалар:«Салеметсізбе, здравствуйте, Неllo»

Музыкалық іс-қимыл:

-Қане бәріміз отырып күзгі орманды тамашалайықшы.

-Тоқылдақты естіп тұрсындарма?

-Бастарыңды жоғары көтеріндерші, Қарағайдың жоғарғы жағында,бұтақтан бұтаққа тиін секіріп жүр, кірпі қысқа азык дайындап жүр.Табиғат әр дайым әдемі. Бірақ адамдарға ерекше сұлулық сыилайтын жылдың бір уақытты бар. Бүгін біз сендермен күз туралы әңгімелесеміз.


Мотивациялық қозғаушылық.

Композиторлар бұл жыл мезгілін жақсы көреді, көбі күз мезгіліне өздерінің музыкалық шығармаларын арнайды. П. И.Чайковский «Осенная песня» шығармасын тыңдайық.


-Тыңдадыдар ма?

-Қалай аталады?

-Қандай аспапта орындалған?

Біз сендермен қонақтарымызға арнап ән орындап берейік.

  • Балалар, күз туралы қандай ән саламыз?(Алтын күз)

Ал сендерге «Табиғаттың дыбысын тап»  ойынын ойнауға ұсынамын.
Ойынның шарты: Табиғаттың дыбысын табу. Күзгі ормандағы құстардың, жапырақтардың дыбысы естіледі.


- Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты.

Қонаққа бұлт келеді. Салеметсіңдерме балалар.  Балалар сендер шаршаған болатын шығарсыңдар? Менімен бірге орман жанындағы өзенге барып демалып келейік.
 Бәріміз көзімізді жұмамыз( релаксацияға арналған музыка қойылады). Тәрбиші балалардың алдына жылы суы бар ыдыс қояды. Кеш, ай жарық, алыстан сиқырлы орман көрінеді. Жағалауда жылы жел соғып, өзенде толқындар тербелуде. Қолымызды өзенге түсіресіз. Біздің қолымыз суда ойнап, толдындарға айналады. Ал енді көзімізді ашамыз.

-Балалар су кандай?

Балалар: -жылы

Балалар сендерге ормандағы өзен ұнадыма?

(Балалар қолдарын салфеткаға сүртіп, орындарына отырады).

Бұлтқа арнап әнімізді «Қолшатыр»  әнін орындап берейік.

Музыка жетекшісі: Балалар қонақтарға арнап біз сендермен топта силық жасадық.
- Қане келіп көрсетейік.

  • Балалар қандай силық дайындадыңдар?
  • Балалар: Сурет

Музыка жетекшісі: Суретіміз көрінбейді ғой? Бұл суретті нені қолданып салдыңдар.
Балалар: -Шырақ

Музыка жетекшісі: -Ненің суретін салдық?

 Балалар: -Жапырақтардың

Тәрбиеші: Сурет пайда болу үшін оны акварельді бояумен (Ақ, көк қызыл, сары түстер) үстінен бояуымыз керек. Сурет салудың бұл жолы «фотокөшірме» деп аталады.(Балалар сурет салып жатқанда «Күзгі жапырақтар» әні орындарып тұрады)
Балалар суретіміз кепкенше орынымызға жайғасайық.

Бұлт: Балалар сендер қандай дарындысыңдар, Би билеп, ән салып, сурет те сала аласыңдар. 

Ал енді мен кеттім.

Музыка жетекшісі: Балалардың салған суреті сізге, Сау болыныз! 

 «Күзгі әуен» әнін орындап берейік.

Музыка жетекшісі:Ал енді суреттерімізді қонақтарға силайық.

Қорытынды:
-Балалар күзгі ормандағы саяхатымыз аяқталды енді бала бақшаға кайтайық.
-Балалар бүгін біз сендермен қайда бардық?

-Күзгі орманға саяхатымыз сендерге ұнады ма?

-Орманда не көрдік?

 Балалар ормандағы саяхат мағанда ұнады. Қонақтарымызбен қоштасып тобымызға барайық.
Музыка әуенімен кетеді.