Тақырыбы: «Тәуелсіздік -Қазақстан » тақырыптық сабақ
Тақырыбы: «Тәуелсіздік -Қазақстан » тақырыптық сабақ
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.
Есік қағылады.
Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті.Ал ашып көрелік не бар екен
Балалар ішінде тапсырмалар бар екен.Тапсырмаларды орындайық.
Бірінші тапсырма:Балалар қандай мемлекетте тұрасындар?Қысқаша айтып беріңдер?
-Жер ғаламшарында,Қазақстан Республикасында тұрамын.Кең байтақ жерім бар.Ұлтымыз-қазақ.Тіліміз қазақ.Тәуелсіз мемлекетпіз.Бірақ көп ұлтты халықтар мекендейді.
Санжар:
Отан жерім,Отан суым,
Отан қуат нәр береді,
Отан ұран,Отан туым
Отан мәңгі гүлденеді.
Алишер:
Бабамның да арманы,
Осы еді гой аңсағаны
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға.
Нұрсұлу:
Тәуелсіздік ел мұраты,
Жас ұрпақтың болашағы.
Ұялатып берік сенім,
Бағымызға жол ашады.
Екінші тапсырма: Рәміздерге нелер жатады,тақпақ білесіңдер ме?
-Рәміздерге Ту,елтаңба,әнұран жатады.
Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не? Ту
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Тәрбиеші: Балалар рәміздеріміз туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
Таир:
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.
Арлан:
Айнымайды аспаннан ,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Мансур:
Әнұраным айбатым,
Тәуелсіздік қайратым
Достық,бірлік,татулық,
Арманға жетті жаңғырып.
Балалар бәріміз тұрып,әнұран айтайық.Балалар қолдарың жүрекке қойып,әнұран айтады.
Үшінші тапсырма: Елді кім басқарады?Президент туралы айтып беріндер.
- Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда 1-Желтоқсан «Тұңғыш Президент » күні мерекесі болып аталып өтіледі.2019ж 9-маусымда Қ Р кезектен тыс президент сайлауы өтіп,Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды. Елбасы құрметіне Астана қаласын-Нұрсұлтан есіммін беріп,қала Нұрсұлтан қаласы болып өзгертілді.
Самара:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Айша:
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Төртінші тапсырма: Тәуелсіздік қандай мереке?Тақпақтар айтамыз.
Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз басқарады.
Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 29 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.
Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды.
Үнсіздік бір минут жасаймыз.
Тәрбиеші: Балалар тәуелсіздік туралы тақпақ айтайық.
Меруерт :
Тәуелсіздік мақтанышым,
Бізге бақыт сыйлаған.
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.
Мөлдір:
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлық той!
Арлан:
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік алған күн
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Мансур:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Таир:
Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға,әпкелеріміз.
Эрбол:
Көк туымды қолыма
Бүгіни берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Айым:
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып
Осы тұрған халқыма,
Бейбітшілік орнады.
Айзара:
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанмыз күнде біз
Ата-бабам қалдырған
Қазақтың біз батырымыз сеңсеніз!
Ән: «Салем Қазақстаным»
Көрме : «Тәуелсіз –Қазақстан» атты сурет көрмесі қойылады. Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.