Бала тәрбиесіндегі ойынның рөлі

Бала тәрбиесіндегі ойынның рөлі

КАлибекова Р.О. -тәрбиеші

Ойын - баланың білімін, білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында ойынның атқарар рөлі жоғары. Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Кішкентай бүлдіршіннің  құрбыларымен бірлесіп ойнауы, өзара қарым-қатынас жасауы, оның тұлғалық қасиетінің қалыптасуы үшін ерекше маңызы бар фактор болып саналады. Ойын балалардың ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді.  Себебі , ойын үстінде қалыптасқан балалық шақтың түйсігі мен әсері бала көңіліне өмірлік өшпестей із қалдырады.

Балаға керегі – ойын. Тек ойын кезінде ғана бала еркін сөйлейді. Не айту керек дегенге мән беріп жатпайды, өзінің көкейіндегісін ғана айтады. Баладан жауап аламын немесе үйретемін деудің қажеті жоқ. Одан да онымен , қиялдау, құрастыру, бірнәрсе ойлап табуға әрекеттену керек. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, қоршаған ортаның жайлы немесе жайсыз әрекет етуі балаға көп әсерін тигізері хақ.