Қыркүйек І-ІІ апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Көзіміздізді ашайық
Бойымызды жазайық
Қолмен көзді ұқалап
Созылып бір алайық. (1мин)
2.Гимнастикалық жолдан жүру
Тырысамыз, тырысамыз
Денсаулықты нығайтамыз
Аяқ, қол мықты болып
Май табаннан арыламыз. (3 мин)
3.Тыныс алу жаттығулары
Ұзын құлақ сұр қоян
Ести қалып сыбырды
Өсіп тұрған сәбізді
Жұлып алып иіскеді. (2мин, 5рет)
4. Жуыну жолдары
Суым, суым, суым-ай
Бетімді менің жудың-ай
Алмадай бетім қызарды
Таза болдым шіркін-ай. (3мин)
Қыркүйек ІІІ-ІV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Көзімізді ашайық
Бойымызды жазайық
Терезеге қарап
Күн жылуын алайық. (1мин)
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Жүрейік біз журейік
Аяқты біз емдейік
Аяқ қолым мықты болып
Көпірлерден өтейік. (3 мин)
3. Тыныс алу жаттығулары
Көлге біз барамыз
Шомыламыз ойнаймыз
Қолымызды созып ап
Балықша балқимыз біз.(2мин, 5 рет)
3. Жуыну жолдары
Салқын суды суйеміз
Тазарады бетіміз
Жуынамыз кунде біз
Әп-әдемі боламыз. (3 мин)
Қазан І-ІІ апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Сөзіміз ашылды
Ұйқымыз басылды
Дем алдық ұйықтадық
Шаттанып ойнайық. (1 мин)
2.Гимнастикалық жолдан жүру
Әдемі журеміз
Шынықсын өкшеміз
Түзіліп тұрайық
Шаттанып ойнайық. (3 мин)
3.Тыныс алу жаттығулары
Аю жүрді орманда
Қорбаң, қорбаң, қорбаңда
Көріп қалып жидекті
Жұлып алып иіскеді. (2мин, 5 рет)
4.Жуыну жолдары
Таза суды сүйеміз
Жуынамыз күнде біз
Мұрын қолға су беріп
Тазарады бетіміз. (3 мин)
Қазан ІІІ-ІV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояту
Ұйқыдан біз тұрамыз
Көзімізді ашамыз
Жан-жағымызға қарап
Достарымызға күлеміз. (1 мин)
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Мықты болсын аяғым
Мықты болсын бақайым
Шынықтырып аяқты
Жаттығуды жасаймын. (3 мин)
3. Тыныс алу жаттығулары
Бақаны көрдім мен
Қызықтап көрдім мен
Бақа маған ашуланып
Бақ-бақ етіп секірді. (2мин, 5 рет)
4. Жуыну жолдары
Таза суды сүйемін
Тап-таза болып жүремін
Мұрын, ауыз қолымды
Күнде жуып жүремін. (3 мин)
Қараша І-ІІ апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Балалар тұрайық
Көзімізді ашайық
Қолымызды созып
Шынығып бір алайық. (1мин)
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Журеміз күнде біз
Суықшыл ізіміз
Шынығып табаным
Желаяқ боламын. (3мин)
3. Тыныс алу жаттығулары
Орманға мен бардым
Кірпіні мен көрдім
Шақылдап келіп ем
Дем алдым кенеттен. (2 мин, 5 рет)
4. Жуыну жолдары
Салқын суда жуынсам
Денімді мен нығайтам
Мықты болып өсемін
Қиындықтан төземін. (3 мин)
Қараша ІІІ-IV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Балапандар тұрайық
Көзімізді ашайық
Жан-жаққа біз қарайық
Бір күлімдеп алайық. (1 мин)
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Алашадан жүрейік
Жүрісті біз түзейік
Шымыр болып шынығып
Тез-тез басып өсейік
3. Тыныс алу жаттығулары
Шарларды мен сүйемін
Ойнап мен онымен жүремін
Қызыл, жасыл, сарышарды
Үрлеуді де мен білемін. (2мин, 5рет)
4. Жуыну жолдары
Салқын суды сүйеміз
Шымыр болар денеміз
Сумен күнде жуынып
Ұзақ өмір сүреміз. (3 мин)
Желтоқсан І-ІІ апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Оянайық балалар
Маған тезірек қарандар
Шапалақ ұрайық
Орнымыздан тұрайық. (1 мин)
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Мықты бала боламыз
Шынығамыз күнде біз
Жаттығуды жасаймыз
Сау болсын денеміз. (1 мин)
3. Тыныс алу жаттығулары
Алыстан мен көрдім
Жақындып мен келдім
Өсіп тұрған ағашты
Айша ма? деп едім. (2мин, 5рет)
4. Жуыну жолдары
Шынығып денеміз
Суды біз сүйеміз
Сапқа біз тұрамыз
Бет-қолымызды жуамыз. (3 мин)
Желтоқсан ІІІ-IV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Балалар тұрайық
Көзімізді ашайық
Бір-бірімізге қарап
Күлімдеп бір алайық. (1 мин)
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Біздер мықты боламыз
Шынығамыз күнде біз
Бір, үш деп санап
Жаттығуды жасаймыз. (3 мин)
3.Тыныс алу жаттығулары
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Қорбан, қорбан етеді
Құлпынайды иіскейді. (2 мин, 5 рет )
4. Жуыну жолдары
Суды біз аламыз
Бетке біз жағамыз
Бетіміз тазарып
Шынығып аламыз. (3 мин)
Қаңтар І-ІІ апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)
Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды жоғары көтеріп басымыздан асырап төсекке түсіреміз, көзімізді ашып жұмамыз ( 2- 4 рет)
Ойын «Жаз бен қыс» оң жаққа қарап жатып қыс дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз ( 3- 4 рет)
Өзімізді уқалау. Қыста күн суыды , молдас құрып отырып алақанымызды уқалап жылытамыз, жылы алақанымызбен бетімізді жуамыз ( 3-4рет)
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Арнай жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.
Орындыққа отырып екі аяғымызды алдыға созып башпайларымызды бүгу, босату 4-5 р
Орындыққа отырып екі аяғымызды алдыға созып өзімізге қарай тарту (4-5 рет)
Орындыққа отырып екі аяғымызды жерге қойып башпайымызды жоғары көтеру,
өкшеміз еденде ( 4-5 рет)
3.Тыныс алу жаттығулары
Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Кел балалар тұрайық,
Қолымызды жоғары созайық.
Еңкейеміз еденге, арқамызды тік ұстап,
Бір демалып алайық.
Демалу жаттығулары
Жіпке байланған көбелектерді үрлеу ( 4-5 рет)
4. Жуыну жолдары
Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз
Қаңтар ІІІ - ІV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1.Ояну
Төсекте жатып жасайтын жаттығулар( 2-3 минут)
Мысықтар
Мысықтар оң жаққа өарапұйықтап жатыр, ұйқы сұрап мияулап жатыр көздерін жұмып мяу мяу мяу.
Көзіміздіашыпарқағажатыптырнағыментырналаныпжатыр.
Төртаяқтаптұрыпмойынымыздыжоғарысозыпмияулаймызмяумяумяу.
Отырыпбашпайларымыздыуқалаймыз, аяғымыздысипаймыз
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Мысық сияқты аяқтын ұшымен шеңбермен жүру, екі аяқпен секіру ,жүру орнымызға қарай жүгіру.
Орындықта отырып оң аяғын сол аяғына қойып табандағы нүктелерге массаж жасау, аяқтарын ауыстыры табандағы нүктелерге массаж жасау, ( 3- 4 рет)
3.Тыныс алу жаттығулары
Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Ашулы мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды төмен қаратып арқамызды жоғары көтеру. 10 сек
Мейрімді мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды жоғары созу, белімізді созу . 10 сек
Мысықтын құйрығы тізеге тұрып қолымызды санымызға қою оңға солға құйрық сияқты тербелу ақырын сосын жылдам.
4. Жуыну жолдары
Демалу жаттығулары
Мяууу мяууу мяуууу
Фррр фрррр фрррр
5.Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз
Ақпан І – II апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Музыка әуенімен әтеш бейнесіне еніп тәрбиеші кіреді.: Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку. Балапандарым кәне ұйқыдан тұрайық.
Түс мезгілі, түс мезгілі.
Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті,
Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады.
Тәрбиеші: Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.
5. Балалар төсекте отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.
Тәрбиеші: Балалар кәне шеңбер құрайық.
3.Тыныс алу жаттығулары
Ку - ка - ру, ку - ка - ри – ку, ку - ка - ри - ку.
Табанды шынықтыру массаждары:
1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.
2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.
3. Ілгекті жолмен жүру.
4. Тастардың үстерімен жүру.
5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.
6. Табандар арқылы жүру.
4. Жуыну жолдары
Балалар енді беті - қолымызды жылы сумен жуып, сүлгімен сүртінейік.
Балалар кәне жарты шеңберге тұрайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Ақпан ІII-ІVапта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)
Мысықтар
Мысықтар оң жаққа өарап ұйықтап жатыр, ұйқы сұрап мияулап жатыр көздерін жұмып мяу мяу мяу.
Көзімізді ашып арқаға жатып тырнағымен тырналанып жатыр.
Төрт аяқтап тұрып мойынымызды жоғары созып мияулаймыз мяу мяу мяу.
Отырып башпайларымызды уқалаймыз, аяғымызды сипаймыз.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Мысық сияқты аяқтын ұшымен шеңбермен жүру, екі аяқпен секіру ,жүру орнымызға қарай жүгіру.
Орындықта отырып оң аяғын сол аяғына қойып табандағы нүктелерге массаж жасау, аяқтарын ауыстыры табандағы нүктелерге массаж жасау, ( 3- 4 рет)
3.Тыныс алу жаттығулары
Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Ашулы мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды төмен қаратып арқамызды жоғары көтеру. 10 сек
Мейрімді мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды жоғары созу, белімізді созу . 10 сек
Мысықтын құйрығы тізеге тұрып қолымызды санымызға қою оңға солға құйрық сияқты тербелу ақырын сосын жылдам.
4. Жуыну жолдары
Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз
Наурыз І – II апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Керуеттегі жаттығулар
Ояну жаттығу.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым! (құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
- «Күн оянады» - арқада жатып. Шынтаққа көтерілу, басты оңға –солға бұру.
- «Күн оянады» - арқада жатып. Тізені қолмен құшақтау, оңға солға бұралу.
- «Күншуақты жаттығу» - арқада жатып. Алдымен қолды, содан соң аяқты жоғары –төмен көтереді.
- «Күн көтеріледі» - іште жатып, қолдары шынтағынан бүгілген. Аяқты төсектен көтермей, түзу қолдарына көтерілу.
- «Мен – үлкен күнмін» - төсек жанында тұрып. Қолдарын айналдырып көтеру, керілу, өкшеге тұру.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Табанды шынықтыру массажы
Таяқтарды жылжытып,
Массаж жасау білеміз.
Он аяққа 1-2-3,
Сол аяққа 1-2-3.
Массаж жасау білеміз.
Арнайы жолдармен жүру.
3.Тыныс алу жаттығулары
Демалуды қалыпқа келтіру
Тыныс алу жаттығу.
Қолға шарды аламыз,
Қатты, қатты үрлейміз.
Уф-ф-ф, Уф-ф-ф...
Қатты үрленген шарым
Жарылып қалды, пах. 1,5 мин.
4. Жуыну жолдары
Таңертең де кешке де,
Жуын күндіз кешке де.
Жуын күндіз түсте де,
Жуын ұйықтар кезінде.
Жуын тұрған мезгілде.
Наурыз ІII-ІV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Керуеттегі жаттығулар
Балалар ұйқыдан оянады.
Жалпы денеге арналған жаттығу-балалардың денсаулығын нығайтып, дене, қолдың саусақтарын ашып-жұму бітімін жақсы қалыптастырады.
Ұйқымызды ашайық
Қолымызды созайық
Енді қане бәріміз,
Жаттығуды жасайық.
- Кереуетте жатып, аяқ – қолдарын жоғары көтеру кезекпен.
- Керуетте жатып велосипед тебу.
- Қолды алға созып, қайшылап қозғалту.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Төсектен тұру:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
3.Тыныс алу жаттығулары
Демалуды қалыпқа келтіру
Тыныс алу жаттығулары.
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
4. Жуыну жолдары
Жуынамын, жуынамын,
Тісімді ысқылап жуамын,
Бетімізді жуамыз,
Таза бала боламыз.
Сәуір І – II апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Ояну жаттығу.
- «Саусақтар амандасады.» массаж жасаймыз –«қолды жуамыз».
- «Қайырлы күн, көздерім!» Қабақты сипаймыз.
- «Оянамыз көздерім!»- бинокльге қараймыз.
- «Қайырлы таң құлақ!» - құлақты сипаймыз,
«Оянамыз, құлақтар!» - алақанды тосамыз.
- «Қайырлы таң, қолым!» - алақанды сипаймыз.
- «Оянамыз, қолымыз!» - шапалақтаймыз.
- «Қайырлы таң, аяғым!» - аяқты сипау.
- «Оянамыз, аяғым!» - қаз - қаз басамыз.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
- Аяқ бірге, қолды алға созу, жоғары көтеру, жанға созу.
- Қол белде, оңға, солға иілу .
«Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық».
- Қолымыз иықта, алға, артқа есу.
- Қол белде оң аяқпен 3рет, сол аяқпен 3 рет, қос аяқтап 3рет секіру.
- Кілемге жатып, аяқты созып, бірге көтеру қалыпқа келу.
- Аяқты алға созып көтеру, қайшылау, түсіру.
- Саппен жүріп өту.
3.Тыныс алу жаттығулары
Демалуды қалыпқа келтіру
Тыныс алу жаттығулары.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет
4. Жуыну жолдары
Сырттан келіп үнемі,
Сабынмен қол жуамыз.
Таза болды мұнтаздай,
Тағамға қол созамыз.
Сәуір ІII-ІV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.
2. Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.
3. Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.
4. Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3 - 5 секунд
5. Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын иыққа қою, аяқтары еденде.
6. Балалар төсекте, ішке жатып қолдарын иыққа қою, иілу, шынтақтарын тіреп, мойындарын созу.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
. "Құстар оянды" - Б.қ.: аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды жан-жаққа созу, былғау – «құстар қанат қағып жатыр».
2. «Құстар достарын шақырып жатыр» - Б.қ.: тұрып, қол белде, аяқ сәл алшақ. Оң жаққа, сол жаққа бұрылу, «Шиқ-шиқ» деп айту.
3. «Құстар жем шұқып жатыр» - Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, бастапқы қалыпқа келу.
4. "Құстар көңілденіп жатыр" - Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол түсірілген. Жүріспен кезектесіп, бір орында секіру.
3.Тыныс алу жаттығулары
Демалуды қалыпқа келтіру
Тыныс алу, демді қалыпқа келтіру.
Денсаулық - ол күлуің,
көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
ешқай жерің ауырмай.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
1,5 мин.
4. Жуыну жолдары
Шынығып денеміз
Суды біз сүйеміз
Сапқа біз тұрамыз
Бет-қолымызды жуамыз.
Мамыр І – II апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Қане, балалар,
Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,
Іштеріңді тартыңдар,
Көңіл күй көтерілді,
Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,
Жұдырықты қысыңдар,
Енді біраз ашыңдар,
Керіліңдер, созылыңдар,
Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Шынықтыру шарасы.
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан-тасқа секіріп
Жалаң аяқ жұреміз.
Табанға біз нұктелі
Массаж жасау білеміз.
Арнайы жолдармен жүру.
3.Тыныс алу жаттығулары
Демалуды қалыпқа келтіру
Демді қалыпқа келтіру.
Қол үстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!.
1,5 мин
4. Жуыну жолдары
Салқын суда жуынсам
Денімді мен нығайтам
Мықты болып өсемін
Қиындықтан төземін. (3 мин)
Мамыр ІII-ІV апта
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
1. Ояну
Әтеш ұйықтап жатыр.
Арқасымен жату, қол басында, аяқ бірге.
Аяқ пен қолды жоғары көтеру,
Әтеш оянды.
Әтеш бидай іздейді.
Отыру, аяқты бірінің үстіне бірін қою.
- Басты оңға бұру
- Қалыпқа келу
- Басты солға бұру
- Қалыпқа келу
- Сол жаққа қайталау.
- Басты бұру.
- Төсекте отыру, қол белде, басты оңға бұру,
- Қалыпқа келу.
- Қайталау, сол жаққа
- Қалыпқа келу.
2. Гимнастикалық жолдан жүру
Шынықтыру шарасы.
Сәби шақтан бастап біз,
шынығуды сүйеміз.
Ашық күнмен достасып,
жалаңаяқ жүреміз.
Қыста, жазда әр дайым,
айрылмаймыз бәріміз.
Шынықтыру жасап біз,
мықты болып өсеміз.
Әртүрлі жолдармен жүру.
3.Тыныс алу жаттығулары
Демалуды қалыпқа келтіру
Демді қалыпқа келтіру.
Қол үстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!.
1,5 мин
4. Жуыну жолдары
Таза суды сүйеміз
Жуынамыз күнде біз
Мұрын қолға су беріп
Тазарады бетіміз. (3 мин)
Шілде 1-2 апта.
1. Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып оң қолымызды сол аяғымызды жоғары көтеріп, түсіреміз. Қол аяғымызды ауыстырып қайталаймыз( 3- 4 рет)
Ішімізде жатып басымызды аяғымызды жоғары көтеру ( 2- 4 рет)
2. Белсенді нүктелерге массаж жасау. Тымау ауруларын алдын алу.
«Ауырма» (Нүктелі массаж)- Тамақ қатты ауырмасын, жөтелмейік, түшкірмейік. Батылырақ уқала мұрын тұсын, маңдайды да уқалауға ерінбейікАлақанды маңдайға,Саусақтарды айырлап,Құлақтарды уқала сондайда.Суықтан біз қорықпаймыз,Ия, ия, ия.Суықтан біз қорықпаймыз,Қорықпаймыз, ауырмаймыз.Массажды балалар өз бетімен орындайды.
3.Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Анайы жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.
Тыныстайық тереңнен!Жүгірдің де қарғыдың,Жарадыңдар барлығың.Шаршадыңдар дегенмен,Тыныстаңдар тереңнен.Қане, «Үп!» - деп айтайық 2,Демді ішке тартайық.Енді «УҺ!»-деп айтайық,Демді шығар қайтарып.Босаңсытып денеңді,Бей-жай күйге ен енді.Басты көтерТік ұста!Емін еркін тыныста.Бә-ре-кел-ді.Балалар!
Шілде 3-4 апта.
1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)
Төсекте жатқан орнында көрпені аяғымен серпіп тастап оңға, солға домалау. Отырған жерде көзімізді ашып – жұмып көзімізге жаттығулар жасау .
Бағдаршам .
Бағдаршамда үш көз бар .
Әр кез бағыт көрсетер .
Қызыл көзін ашқанда дәл орныңда тұра қал , қызыл көзін жұмып алып ,
Сары көзін ашқанда ,
Жүруге сен асықпа ,
Сары көзін жұмып алып
Жасыл көзін ашқанда
Алақтамай жолға бас
Көзді ашып – жұмғанша өтіп кетер көлікте
2. Еденге жалаңаяқ тұрып.
Қазақ үйін құрамыз .
Дөңгеленіп тұрамыз
(шеңбер болып тұрады)
Керегені құрамыз
(қолдарын бір – бірінің қолымен ұстасады )
Уықтар боп иіліп
(қолдармен биік көтереді)
Шаңыраққа киеліп
(қолдарын биік ұстап, саусақ ұштарын иеді)
Қазақ үйін құрамыз .
(Барлығы қайтадан қолдарын ұстасады)
Маусым 1 – 2 апт
1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)
Мысықтар
Мысықтар оң жаққа өарап ұйықтап жатыр, ұйқы сұрап мияулап жатыр көздерін жұмып мяу мяу мяу.
Көзімізді ашып арқаға жатып тырнағымен тырналанып жатыр.
Төрт аяқтап тұрып мойынымызды жоғары созып мияулаймыз мяу мяу мяу.
Отырып башпайларымызды уқалаймыз, аяғымызды сипаймыз.
2 Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Мысық сияқты аяқтын ұшымен шеңбермен жүру, екі аяқпен секіру ,жүру орнымызға қарай жүгіру.
Орындықта отырып оң аяғын сол аяғына қойып табандағы нүктелерге массаж жасау, аяқтарын ауыстыры табандағы нүктелерге массаж жасау, ( 3- 4 рет)
3 Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Ашулы мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды төмен қаратып арқамызды жоғары көтеру. 10 сек
Мейрімді мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды жоғары созу, белімізді созу . 10 сек
Мысықтын құйрығы тізеге тұрып қолымызды санымызға қою оңға солға құйрық сияқты тербелу ақырын сосын жылдам.
4Демалу жаттығулары
Мяууу мяууу мяуууу
Фррр фрррр фрррр
5.Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз
Маусым 2-3 апта
1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)
Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып оң қолымызды сол аяғымызды жоғары көтеріп, түсіреміз. Қол аяғымызды ауыстырып қайталаймыз( 3- 4 рет)
Төрт аяқтап тұрып шынтаққа тіреліп алақанымызбен иегімізді ұстап оң аяғымызды созу, сол аяғымызды созу, ( 3- 4 рет)
2 Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)
Арнай жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.
Орындыққы отырып арнайы шұлықтарын киіп жүру. Отырып табанымызды сипалау.
3 Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)
Ойын Тербеледе ағаштар екі қолымызды жоғары көтеріп оңға солға еңкею.
Жаңбар жауды қолымызды жоғары көтеріп шапалақтау.
Жапырақтар жерге түсті тіземізді бүкпей еденге қолымызды тигізу.
4Демалу жаттығулары
Жел соқты уууу уууу уууу
Жапырақтар желмен ұшты шшш шшш шшшш
Тамыз 1 – 2 апта Мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, дұрыс тыныс алуға, қан айналымын, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу,ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
Балалар ұйқыдан оянады.
Бойымызды жазайық,
Қолымызды созайық.
Жаттығулар жасайық.
Ұйқымызды ашайық.
1.Ояну жаттығу.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
2.Саусақ жаттығу.
1. Бас бармақ,
2.Балан үйрек
3. Ортан терек
4.Шылдыр шүмек
5.Кішкентай бөбек
3.Тыныс алу жаттығу.
Қолға шарды аламыз,
Қатты, қатты үрлейміз.
Уф-ф-ф, Уф-ф-ф...
Қатты үрленген шарым
Жарылып қалды, пах.
Тамыз 2-3 апта Орындыққа отырып, аяқ киімдерімізді шешеміз.
4. Табанды шынықтыру массажы
Таяқтарды жылжытып,
Массаж жасау білеміз.
Он аяққа 1-2-3,
Сол аяққа 1-2-3.
5.«Денсаулық» жолымен жүру.
Әдемі ирек жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табаңға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
Тәрбиешісі: Махамбетова Т. А.