Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған саусақ ойыны баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
- Баланың тілі жетіледі;
- Қимыл - қозғалысы артады;
- Икемділігі артады;
- Қисынды ойлауы дамиды;
- Танымдық деңгейі артады.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойынының шарты түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
«Жасыру»
Ойын шарты: Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.
Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.
Ал енді, келесі қолға жасырамыз.
Қарандашты қыса отырып,
Алақанды ауыстырамыз.
Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады.
«Моншақтармен ойын»
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ
Ойын шарты: Балаға әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.
Баулармен ойын
Ойын шарты: Баулар таратылады олардың әр жерден түйілген түйіншектерін қолдарымен ұстайды. Бұл ойынды ойнау арқылы сенсомоторлық бағдарлауы, ұсақ моторикасы, жазықтықта бағдарлауы, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игерулеріне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.
«Тіс щеткасымен ойын»
Ойын шарты: Балаларға тіс щеткалары таратылады. Щеткаларды бір-бірден алып саусақ ұштарына қойып, үйкелеп массаж жасаайды. Бұл ойын балалардың ми дамытады, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырады.
Қысқыштармен ойналатын ойын
Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді.
«Жаңғақтармен ойын »
Ойын шарты: балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады. Жаңғақты алақанның арасына салып, айналдыру. Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып, сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамиды.