КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ДОСТЫҚ" БАЛАБАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ       ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКИЙ САД "ДОСТЫҚ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ

Инстаграм

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жапсыру сабағының конспектісі Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тәрбиеші :Шуакпаева О Ж 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

 Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»

Мақсаты: Қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету, техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру. Тіктөртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Билингвальді компонент: ит-собака, мысық-кошка, достар-друзья, үйшік- домик.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

 

                 Педагогтің іс-әрекеті

 

 Балалардың іс-әрекеті

                         Мотивациялық-

                          Қозғаушылық

Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.

Жұмбақ.

Ырылдайды, үреді,

Үй маңында жүреді.

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер,

Үріп белгі береді.

Мақал.

Ит- адамның досы

Жұмбақ

Түссе күннің шуағы,

Көзін жұмып алады.

Жылы жерде сүйеді,

Беті-қолын жуады.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Иттер-ең сақ және адал достар.Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.

Пекинес-кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағанын, сипалағаны қаламайды.

Пудель- өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтін көнбіс ит

 

Суреттерді қызыға қарайды.

 

Жұмбақты шешеді.

 

Жауабы: Ит

 

Мақалды тыңдайды, қайталайды.

 

 

 

Жұмбақты шешеді.

Жауабы: мысық

Қайталайды:шуақ,адал

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогтің әңгімесін тыңдайды,иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды..

 

Болонка-сәндік көрнекі ит.Көрмелерге қатысады.Бұл иттер аурушаң келеді,сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.

Чау-чау-арыстанға немесе аюға ұқсайды.Олар өте байсалды,бірақ үйретуге келмейді.Өте сақ,иесіне адал болады.

Мысықтар-адаммен бірге үйде өмір сүреді,тышқан ұстайтын пайдасы бар.Мысықтың неше түрі болады.

Ангор мысығы-көңілді,қылықты мысық.Ойынпаз,адамды жатырқамайды.Белсенді,үйірсек,кіммен болсын тіл табысады.

Сібір мысығы-ірі денелі,байсалды,сабырлы мысық.Қылықты,балалармен ойнағанды жақсы көреді,тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді.Жүні айырықша жұмсақ,үлпілдек болғанымен,ерекше күтімді қажет етпейді.

Канадалық және дондық свинкс-жұмсақ,тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық.Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға да қарсылық білдірмейді.Балалармен жақсы ойнайды,жылы көрпенің астында ұйықтағанды жаны сүйетін,адамға емдік қасиеті бар мысықтар.

Ғажайып сәт.

-Балалар,бізге ит және мысық қонаққа келді.Олармен танысайық.

Педагог жұмсақ ойыншықтар:ит және мысықты көрсетеді.

-Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка.Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті.Олардың тұратын үйлері жоқ екен.Не істейміз?Оларға көмектесіп,үйшік салып береміз бе?

 

Билингвальді компонент:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.

 

Үлестірмелі материалға назарларын аударады,жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

 

 

-Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?

-Ал негізін ше?

-Үйшіктің тағы несі болады?

 

 

Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн-ж.осығымен,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады.

1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға

міндеттісің.

2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

3.Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.

4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.

6.Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап,жинастыру қажет.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

Айнаға қарашы, Мысығым,тұршы,

 

Шашыңды тарашы.

Балалардың ішінен

Ең тапқырын таңдашы.

 

Педагог итпен мысық суреттерінің жапсырмаларын(наклейка)балаларға бір-бірден таратып береді.

 

Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонақтармен амандасады,қуаныштарын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үишік-домик.

Үлестірмелі материалды қарастырады,сұрақтарға жауап береді,жұмыстың орындалу ретімен танысады.

 

-Шатыры-үшбұрыш.

-Негізі-шаршы немесе тіктөртбұрыш.

-Терезелері-шаршыдан.

 

Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды,жұмысқа кіріседі.

 

 

 

 

 

 

 

Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар жапсырманы жабыстырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-

түзетушілік

 

 

-Қараңдаршы,балалар,қандай керемет

үйлер бой көтерді!

Балалар, Дос және Мурка сендерге

барлық көмектерің үшін рахмет айтады.

Сендермен қоштасып,қолдарын бұлғайды.

 

 

Балалар қуанышты

көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап, итпен және мысықпен қоштасады.

 

 

 

 

       

 

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды,үйшік жасайды.

Түсінеді: ит және мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екендігін,олардың бір-бірінен айырмашылықтарын.

Қолданады: шаршы,тіктөртбұрыш,үшбұрышты қолданып үйшік жасайды.   

 


Текст