«Балабақша –білім мен тәрбиенің алғаш баспалдағы.»

Адилова Арайлым Болатовна  - №13 даярлық тобының тәрбиешісі

«Балабақша –білім мен тәрбиенің  алғаш баспалдағы.»

         Отбасы – әлеуметтік қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Кез келген ата-ана өз ұрпағының қалыпты дамып, оның көп нәрсеге қәбілетті болып өскенін қалайды. Ал оның тәрбиелеу өз алдына күрделі әрі өте жауапты дүние. Себебі, бала тәрбиесі ата-ана мейірім жылуымен ғана емес, оның ақыл кеңесімен тығыз байланысты.

          Балабақша келешек азаматтарды тәрбиелейтін шағын мектеп. Балалардың шаттық күлкісіне толы бұл мекенде тәрбиеші-педагогтар баланың тәрбиесімен қатар оның дамуына да үлкен  жол салады. Себебі, балабақшада бала бойындағы  барлық ерекше қабілеттері  байқалады. Баланың алғашқы қылықтары көрініс тапқан сәттен бастап оның дамуындағы ерекшеліктерді байқаған дұрыс . Сондай-ақ, көпшілік ортаға тез үйренісіп, адамдармен тіл табысуға да балабақшаның берері мол.

         Әлем бойынша 40 мыңнан астам мамандық иелері жұмыс жасайды , солардың ішіндегі ең ауыр әрі жауаптысы ұстаздық сала. Баланың өмірде  жеке тұлға ретіндегі алғашқы қадамдарын жасап, оған бағыт-бағдар беру жолында тәрбиешілердің еңбегі өлщеусіз. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарайтын тәрбиеші-педагогтар түрлі мінезі бар балалардың тілін тауып, олармен әркез  жұмыс жасайды.

   Балабақшада тәрбиеленген бала белгілі бір тәртіпке дағдылана бастайды және оны заңдылық ретінде қабылдап, өзін бейімдейді. Мысалы , бала біріншіден күн тәртібіне үйренеді. Уақытылы ас ішу, ойнау, түскі уақыттта ұйықтауды  әдетіне айналдыра бастайды.

    Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі. Бала өсіп келе жатқан шыбық секілді екені рас. Оған алдыңғы бунның әрбір әрекеті дұрыс дүние секілді көрінеді. Қалай баптайсың, соның жемісі өзіңе қайтады. Сол себепті әрбір тәрбиеші-педагог оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек деп есептеймін.